600 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы есепшінің компанияның 600 миллион теңгеден астам қаражатын ұрлауына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот үкімі бойынша, Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Іс материалдарын зерделеу мынаны көрсетті.

Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған “Банк-Клиент” бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.

Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді. Сонымен бірге оның әрекеті дұрыс сараланбаған.

“Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы” Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 1 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатты, оның ішінде электрондық ақша қаражатын оның иесінің шотынан өзiнiң немесе бөтен адамның шотына аудару жолымен ұрлау ҚК-нің 189-бабы бойынша кінәлі адамның өз лауазымы бойынша жәбірленушінің қолма-қол ақша шотындағы ақшаға билік етуге құқығы болған жағдайда, кінәлі адамға өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау деп саралануы тиіс".

Мұндай құқық болмаған жағдайда іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.

“Іс материалдарынан Шигабутдинованың қаржылық құжаттарға қол қоюға құқығы болмағаны және ЖШС қаражатын өз атынан басқара алмайтыны шығады.

Ол тек ЖШС директорына берілген ЭСҚ кілті арқылы қаржылық құжаттарға қол қойған және осылайша оның шоттарына ақша аударған, яғни ұрлаған”, — делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шигабутдинованың әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қайта сараланып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Эксперт призвала отказаться от игрушек Лабубу и Барби в детских садах

Коммерческие игрушки вроде Лабубу и Барби не стоит включать в образовательный процесс детских садов, ...

  • 24.02.2026

Маргарита Симоньян продолжит вручать премию в честь Тиграна Кеосаяна

Главный редактор международной медиагруппы "Россия сегодня" и телеканала RT, Маргарита Симоньян, продолж ...

  • 24.02.2026

Зима сдает позиции: в Татарстан идет потепление

В Татарстан идёт потепление. По прогнозу Гидрометцентра республики, к концу этой недели возду ...

  • 24.02.2026

Стало известно о возможном покушении на жизнь премьера Австралии

Энтони Альбанезе Премьера Австралии эвакуировали из резиденции из-за угрозы взрыва бомбы ...

  • 24.02.2026