Қазақстанда автогаз тапшылығы күшейді

Қазақстан ай сайын Германия, Ресей және басқа да елдерден үлкен көлемде автогаз импорттайды. Бұл туралы LS-ке Энергетика министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл ішкі нарыққа тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіру көлемі 1,7 млн тонна болмақ.

Сарапшылардың болжамы бойынша, биыл елдегі тұтыну көлемі 200 мың тоннаға артып, 2,6 млн тоннаға жетпек. Бұл өндіріс көлемінен 52,9% артық.

Министрлікте атап өткендей, жаз мезгілінде СМГ-ға сұраныс артады. Бұл ішкі нарықтағы тапшылыққа әкеледі. Дефицитке жол бермеу үшін қосымша қорлар бөлінеді. Сондай-ақ, "Теңізшевройл" ресурстарынан коммерциялық көлемде газ іске асырылады.

Сонымен бірге ай сайын шамамен 20-25 мың тонна көгілдір отын Германия, Польша, Қытай, Ресей және басқа да елдерден импортталады.

Қазақстанда тапшылық мәселесін жылына 18 млн тоннадан 28 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу көлемін ұлғайту арқылы шешпек. Бұл өңдеу қуаттылығын арттыру есебінен жүзеге асатын болады.

Бұған дейін, LS редакциясы жанар-жағармай материалдарының тапшылығы және энергетика министрлігінің экспортқа бағытталуға көшу жоспарлары туралы хабарлаған болатын.

В Москве запущен масштабный проект профориентации для старшеклассников

До конца календарного года профориентацию пройдут 35 тыс. столичных учеников 10 и 1 ...

  • 13.05.2026

Раскрыты цели визитов главы МОССАДа в ОАЭ

Давид Барнеа WSJ: шеф МОССАДа Барнеа посещал ОАЭ для координации действий в войне с Ираном ...

  • 13.05.2026

В Казани на здании мэрии вывесили джерси «Ак Барса»

В Казани на балконе здания мэрии на улице Кремлевкая вывесили фирменный джерси хоккейного клуба «Ак Б ...

  • 13.05.2026

Курс евро на «Форексе» упал ниже 86 рублей впервые за три года

Внебиржевой курс евро на рынке «Форекс» опустился ниже 86 рублей впервые с 5 июня 2023 года. Об этом ...

  • 13.05.2026

Теги