Португалиялық инвестор Қазақстанда ет өндіруге ат салысады

Ақмола облысында жалпы құны 63 млрд теңгеге бағаланған ет өңдеу кешенінің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Әкімдіктің ресми жауабында жоба Португалиялық компанияның қатысуымен жүзеге асатыны айтылған. Аталған қаржыға интеграцияланған ет өңдеу кешенін салу көзделіп отыр. Қазіргі таңда нысанға 428,4 гектар жер телімі бөлініп, жобалау және зерттеу жұмыстары басталған. Дегенмен, инфрақұрылым әзірге жүргізілмеген.

"Кешеннің өндірістік қуаттылығы- жылына 7,6 мың тонна сиыр мен бұзау етін (күніне 260 бас мал) және 96 мың тонна құрама жем өндіруге жетеді", – делінген жауапта.

Жобаны 2025 пен 2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары кезінде 260 адам уақытша жұмыспен қамтылса, кешен іске қосылғаннан кейін 380 тұрақты жұмыс орны ашылады. Әкімдіктің хабарлауынша, нысанда Испаниядан жеткізілетін заманауи жабдықтар мен биогаз қондырғылары орнатылады. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал мен құрама жем де осы елден тасымалданады.

Бұған дейін, LS редакциясы 2024 жылы Абай облысында құны 3,8 млрд теңге болатын ет комбинатының құрылысы басталғанын хабарлаған еді. Жоба аясында ет өнімдерін өндіру және өңдеу көзделген. Кәсіпорынның қуаттылығы – бір ауысымда 35 тонна.

Путин объявил: в Старобельске погибло 6 человек, 16 пропали

Число погибших в результате удара по колледжу в Старобельске возросло до шести человек, при этом 16 чело ...

  • 22.05.2026

МИД РФ назвал удар ВСУ по колледжу в ЛНР атакой в духе немецких нацистов

Министерство иностранных дел России выступило с резким заявлением по поводу ночной атаки ВС ...

  • 22.05.2026

В Европе раскритиковали Британию из-за решения по санкциям против РФ

Глава МИД Великобритании Иветт Купер столкнулась с давлением со стороны союзников сразу по нескольк ...

  • 22.05.2026

ФАС возбудила дело в отношении фармкомпании «Вифитех»

Федеральная антимонопольная служба (ФАС) России инициировала расследование в отношении фармацевтической ...

  • 22.05.2026