"Небір жаға ұстатын оқиғалар": Танымал журналист күйеуінен қорлық көрген әйелдердің жанайқайын жайып салды

Танымал журналист Шыңғыс Мұқан әйелдердің күйеулерінен қорлық көріп, денсаулықтарына зақым келтірген бірнеше оқиғамен бөлісті.

Көпшілік журналистке қолдау көрсетіп, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның күшейтілуін талап еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жаға ұстатарлық жайттарды журналист желідегі парақшасында бөлісті.

"Әйелдер отбасында зорлық көрмесе екен деп, шошындырған оқиғадан соң, бірнеше пост жазып едім, қыз-келіншектерден көп хат алып жатырмын. Небір жаға ұстататын оқиғалар келіп жатыр. Бір қыздың әпкесі жынды болып қалыпты. Күйеуі сабаған соң, төркініне келсе, жылылық көрсетуге тиіс жақындары “қайтып келген қыз жаман” деп үйінен қуған.

Жынды күйеуі миығынан күліп, жұдырықпен қарсы алған. Содан миы шайқалған. “Әпкем бұрынғыдай жарқылдап күліп жүрмейді, өзімен-өзі басқа әлемде жүргендей. Бұрынғы әпкемізді көргіміз келеді” деп жазыпты.

Тағы бір келіншек жынды күйеуінің жұдырығынан аман қалуы үшін әке-шешесімен қош айтысуға тура келген. “Қайтып келсең, бұдан-былай сендей қызымыз бар деп есептемейміз. Өмірімізден өшірдік” деген ғой.

Солай жағдай. Жағдай қиын. Қыздарыңды, тіпті заңды күйеуі болса да, бөтен үйдің еркегіне қорлатып қоймаңдар. Алып кетіңдер. Күйеу болу адамды соғуға, психологиялық қысым жасауға құқық бермейді. Қысым — бұл қылмыс. Алып кетпесеңдер. Қыздарыңның табытын алып кетесіңдер!", — деп жазды ол.

Көпшілік журналистке жаппай қолдау көрсеткен. Олар: "Дұрыс айтасыз, біздің қоғамда бәріне кінәлі - әйел", " Әйелді осылай төмендетуге жол бермеу керек, қаншама қыз-келіншектер осындай қорлық өмірге әлі шыдап жүр", "Ұят, ұят деп өз ата-анасы туған қызынан теріс айналса, күйеуі мен қайын жұрты оны қайтсін? Қыз бала құдайдың аманаты, ата-анасы да, күйеуі де оған жауапты" деп жазды олар.

Сибирские аэропорты: маршруты в Китай стали наиболее востребованы

На основе данных за 2025 год, маршруты, которые связывают региональные аэропорты России с ключевыми авиа ...

  • 30.04.2026

Эксперт Манаенко объяснила, почему можно потолстеть от питьевой воды

Вода с надписью «без сахара» и «с витаминами» на упаковке зачастую является напитком с подсластител ...

  • 30.04.2026

Киев, конкурс Пугачевой, песня для Орбакайте: как живет Юлия Самойлова

Юлия Самойлова Певица Юлия Самойлова в последнее время пропала из поля зрения средств массов ...

  • 30.04.2026

Экс-управленца «Калашникова» Белякова обвинили в хищении 213 миллионов рублей

Фото: mos.ru Бывший заместитель директора концерна «Калашников» по закупкам и логисти ...

  • 30.04.2026