Абай облысында ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтаған екі ер адам ұсталды

Қара нарықта ақбөкеннің 1 келі мүйізі үшін 100 АҚШ долларын ұсынады.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚКД-мен бірлесіп, "Бүркіт" ҰҰ күштік қолдауымен облыс орталығының 2 тұрғынын анықтап, ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Семей қаласының сыртындағы жайылымда жүрген ерлердің бірі ақбөкендердің өлекселерін көп мөлшерде тауып, мүйіздерін кесіп, кейіннен шетелге сату үшін жинағаны анықталды.

Көп бөлігін досына сақтауға берген. Қара нарықта ақбөкеннің 1 келі мүйізі үшін 100 АҚШ долларын ұсынады.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақбөкеннің 223 мүйізі үшін 2 ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу және жедел іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сурет: ҚР ІІМ

В Благовещенске построят новый кампус университета: каким он будет

БЛАГОВЕЩЕНСК, 22 мая, ФедералПресс. Амурская область готовится к строительству международного ...

  • 22.05.2026

S7 планирует зимой увеличить число рейсов в Китай

Также прорабатываются новые маршруты, сообщили в авиакомпании Авиакомпания S7 зимой планирует увел ...

  • 21.05.2026

Иван Федотов покинул "Кливленд" из-за травмы и вернулся в Россию

Российский вратарь Иван Федотов покинул команду Американской хоккейной лиги (АХЛ) "Кливленд Монстерс" по ...

  • 21.05.2026

Роскошь на подъёме: российский рынок люксовых авто обновил 4,5-летний рекорд

В апреле 2026 года российские дилеры реализовали 81 новый автомобиль сегмента Luxury — максима ...

  • 21.05.2026