Қазақстандық 16 мың тонна руданы заңсыз өндірген

Мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы "Восточный карьерінен" марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Қылмыс " Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.

"Жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені анықталды. Кейіннен күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген", — делінген хабарламада.

Марганец рудалары өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – металлургияда, химияда, керамикада, шыныда, ал оның қосылыстары – фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады. Мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асады. Күдіктінің 337 миллион теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленгені айтылды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сурет: ашық дереккөздерден

В Челнах по нацпроекту меняют изношенные на 85% сети канализации

В Набережных Челнах капитально ремонтируют канализационные сети на улице Низаметдино ...

  • 19.05.2026

Минобороны сообщило о 315 сбитых за ночь беспилотниках

МОСКВА, 19 мая, ФедералПресс. Прошедшей ночью силы ПВО отразили атаку украинских БПЛА. Всего д ...

  • 19.05.2026

Мэр Москвы Собянин сообщил о сбитом беспилотнике в регионе

Противовоздушные силы успешно уничтожили очередной беспилотный летательный аппарат, который направлялся ...

  • 19.05.2026

Атаки ВСУ на Россию: какие регионы оказались в опасности ночью 19 мая

Военнослужащий ВСУ Различные регионы России ежедневно подвергаются атакам украинской армии. ...

  • 19.05.2026