Биыл елімізде қыс қалай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың наурызына арналған Қазақстандағы маусымдық ауа райы болжамын ұсынды. |
Болжамға сәйкес, қарашада жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел бір ай ішінде болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері бұрқасын болуы мүмкін, ҚР аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінде аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Ең суық күндері суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температатурасы төмендейді:
- ҚР солтүстігінде түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін;
- елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін.
Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады:
- республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін;
- солтүстік жартысында +3+10°С дейін.
Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° жоғары, ҚР қиыр солтүстігінде — нормадан 1° төмен болады деп күтіледі.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда — нормадан көп жауады деп болжанған.
"2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады", — делінген хабарламада.
Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтіледі. Желтоқсанда ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.
Қаңтар және ақпан айларында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады, желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтіледі.
Наурызда Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжанған. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.