"Мұқият болуды сұраймыз". Оқу-ағарту министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Бұл білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне қатысты.

Министрлік білім беру саласының педагогтері мен қызметкерлерін көтермелеу жүйесіне мыналар кіретінін еске салды:

  • "Оқу-ағарту министрінің Алғысы";
  • "Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы";
  • "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың үздігі" құрметті дипломы;
  • "Орта білім беру ісінің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Қосымша білім берудің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі" құрметті дипломы;
  • "Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметі"құрметті дипломы;
  • "Ы. Алтынсарин" төс белгісі;
  • "Білім беру ісінің құрметті қызметкері"төс белгісі;
  • "Мейірім — әлемге махаббат" медалі;
  • "Еңбек ардагері" медалі.

Министрлік мәліметінше, ведомстволық наградалармен көтермелеуге ұсынымды өңірлік білім басқармалары жанындағы "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін көтермелеулермен марапаттауға материалдар енгізу жөніндегі комиссия" енгізеді.

"Көтермелеуге кандидаттардың құжаттары салалық көтермелеу жүйесінің 6-қосымшасына сәйкес жұмыс көрсеткіштеріне сәйкес қаралады: жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, педагог пен оның оқушыларының жетістіктері және т.б. марапаттау балдарды есептеу негізінде жүзеге асырылады. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша министрлік комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Әрбір көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі болады, ҚР Оқу-ағарту министрінің мөрімен және қолымен бекітіледі.Осылайша, көтермелеудің өзге түрлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларына жатпайды", — делінген хабарламада.

Көтермелеуге ұсыныстар "Республика күні" ұлттық мереке, "Мұғалім күні" кәсіби мереке, "Халықаралық балаларды қорғау күні" халықаралық мереке, "Білім күні" мереке күні, мерейтойлық күндер мен білім беру саласындағы өзге де еңбегі үшін мерекелерге қарай қаралады.

"Әр түрлі бейресми марапаттар мен атақтардың жиілеп кетуіне байланысты мұқият болуды сұраймыз. Мемлекеттік наградалар туралы барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында орналастырылған".

Сурет: Tengrinews.kz

В Экибастузе из-за шторма отключилась линия электропередачи

В Экибастузском энергоузле произошло аварийное отключение линии электропередачи напряжением 500 кВ. Об э ...

  • 19.06.2025

Китай и Центральная Азия активно развивают сотрудничество в туриндустрии

Фото: brnn.com На днях был запущен первый международный туристический поезд Китай-Цент ...

  • 18.06.2025

Вакцинация и вера: в Атырау обсуждают, как религия влияет на вакцинацию

В Атырауской области состоялось заседание Совета по выявлению религиозных факторов, влияющих на отк ...

  • 18.06.2025

Более двух миллионов сельчан получат доступ к качественному Интернету

Мажилис ратифицировал Соглашение о займе (Проект ускоренной цифровизации для инклюзивной экономики К ...

  • 18.06.2025