Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады

Кәмиля Досмалова – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновті ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов спортшы Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сондай-ақ спортшыға қызметтік баспана берілді.

"Бізге қолдау көрсеткен барлық Қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады", — деді Кәмиля Досмалова.

Айта кетейік, Парижде өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

S7 планирует зимой увеличить число рейсов в Китай

Также прорабатываются новые маршруты, сообщили в авиакомпании Авиакомпания S7 зимой планирует увел ...

  • 21.05.2026

Иван Федотов покинул "Кливленд" из-за травмы и вернулся в Россию

Российский вратарь Иван Федотов покинул команду Американской хоккейной лиги (АХЛ) "Кливленд Монстерс" по ...

  • 21.05.2026

Роскошь на подъёме: российский рынок люксовых авто обновил 4,5-летний рекорд

В апреле 2026 года российские дилеры реализовали 81 новый автомобиль сегмента Luxury — максима ...

  • 21.05.2026

Кадышева и «Тату» выступят на суперфинале Кубка России

Матч между «Спартаком» и «Краснодаром» пройдёт 24 мая в «Лужниках» Надежда Кадышева с ансамблем «З ...

  • 21.05.2026