Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады.

Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған.

Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы. Ал бұл 1500 сарбазды іріктеген арнайы комиссия мүшелері. Оның құрамында Қарулы Күштердің басшылығынан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері бар.

Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі:

1500 сарбаздың барлығының жауынгерлік дайындықтағы көрсеткіштері жоғары. Оларға жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, ақысыз түсу құқығы беріледі.

Былтыр қазан айында Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70-ке жуық жоғары оқу орынымен келісім шартқа қол қойды. Білім мекемелері 3 мың грантты бөлген. Оның жартысы көктемде үлестірілген.

Ербол Құмарбекұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы:

Бүгінгі күні сол іріктеудің екінші кезеңі өтті. 1500 сарбаз іріктеуден өтіп, сертификатын алатын болады. Бұл бағдарламаны Мемлекет басшысы қолдап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылы мемлекет тарапынан грант берілетін болды.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары "Срочники 2.0" платформасынан ала алады.

Сурет: ашық дереккөздерден

Языковой омбудсмен Ивановская: Украинского депутата оштрафовали за русский язык

Фото: пресс-служба кабмина Украины Украинского депутата оштрафовали за использование ...

  • 26.05.2026

Родственники гадалки Ермака продали все имущество и поселились в РФ

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Семья таролога и астролога Вероники Аник ...

  • 26.05.2026

Гоша Карцев: «Самое решающее в продаже продукта — это дизайн»

Известный российский стилист признался, что теперь готов сидеть над эскизами лишние месяцы, лишь бы дове ...

  • 26.05.2026

Андрей Алёшкин разъяснил, когда авиакомпании должны возмещать ущерб

Пассажиры нередко сталкиваются с вопросом о возможности получения компенсации при задержке рейсов из-за ...

  • 26.05.2026