Банктер мемлекет алдындағы борышын өтеді

Мемлекеттік қолдауды алған төрт банк 400 млрд-тан астам теңгені қайтарды. Бұл жөнінде LS-ке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

"2023 жылдың басынан 2025 жылдың шілдесіне дейін төрт банк мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын және ішінара қайтару арқылы жалпы 409,6 млрд теңге сомасында қаражат қайтарды", — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, Halyk Bank мемлекет алдындағы барлық міндеттемесін толық өтеп, 250 млрд теңгені қайтарды (2023 жылы – 68,4 млрд, 2024 жылы – 181,6 млрд теңге). Бұл қаражат Казкомды сауықтыруға бағытталған болатын.

Ал Jusan Bank "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорынан алған субординирленген облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алып, 100 млрд теңге сомасын қайтарды.

Bank RBK (29,6 млрд теңге) және Банк ЦентрКредит (30 млрд теңге) қаржы саласын тұрақтандыруға арналған мемлекеттік көмектің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтарды.

Сонымен қатар, Банк ЦентрКредит қалған 30 млрд теңгені тамыз айында қайтарады. Бұл қаражат 2017 жылы банкты жақсарту бағдарламасы аясында шығарылған облигацияларды сатып алуға жұмсалады.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның бес банкі мемлекетке 1,4 трлн теңгеден астам мемлекеттік қолдауды қайтаруы тиіс екендігін хабарлаған болатын.

В Киеве Украинец нырнул в канал, чтобы спастись от сотрудников ТЦК

Фото: Национальный музей истории Украины Житель украинской столицы оказался спасён пр ...

  • 17.05.2026

СК России начал расследовать нападение собаки на девочку в Татарстане

В социальных сетях распространилась информация о происшествии, случившемся 16 мая в городе Нижнекамске. ...

  • 17.05.2026

Корабль Cargo Dragon успешно состыковался с МКС

Корабль Cargo Dragon SpaceX успешно завершила стыковку корабля Cargo Dragon с МКС Грузово ...

  • 17.05.2026

«Икътисад һәм мәдәният: чынбарлык һәм хыяллар» - Залы буш булса да, лекцияләре әйбәт иде

Уникаль осталык үзәгендә (ЦУМ) «Ачык университет» лекторие узды. «Ачык университет» лекторие үзен ...

  • 17.05.2026