Шетелдіктер Қазақстанда миллиондаған теңгеге шағын несие алған


Шетелдіктер қазақстандық микроқаржы ұйымдардан (МҚҰ) 120 млн теңгеден астам қарыз алды, деп хабарлайды LS.

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде ұсынған ақпаратына сәйкес, осы жылдың жеті айында МҚҰ-нан 69 резидент емес несие рәсімдеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сегіз адамға аз.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында барлығы 184 микрокредит берілді (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -27,6%). Ал шетелдіктерге берілген несиелер сомасы 127,5 млн теңгені (-14,8%) құрады.

БКБ мәліметі бойынша, қарыз алған көшбасшылар қатарын МҚҰ-дан 98 млн теңге алған Ресей азаматтары бастап тұр. Екінші орында Өзбекстан – 8,6 млн теңге. Одан кейін Армения – 6,6 млн теңге, Қырғызстан – 6 млн теңге.

LS редакциясы бұған дейін, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттер туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін төмендету туралы қаулы қабылданғанын жазған болатын. Атап айтқанда, сыйақының шекті мәні 45 күнтізбелік күнге дейін берілген 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) 50 АЕК-ке (172,5 мың теңге) дейінгі сомаға жеке тұлғалардың шағын қарыздары бойынша 20%-дан 15%-ға дейін азаяды.

Сондай-ақ жеке тұлғаларға 45 күнтізбелік күнге дейін берілген кепілмен қамтамасыз етілген мүлікке микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының күнделікті мөлшерлемесі 1%-дан 0,8%-ға дейін төмендейді.

Figaro: Макрон выступит с речью о ядерном сдерживании в понедельник

Президент Франции Эммануэль Макрон намерен в понедельник выступить с программной речью о системе яд ...

  • 25.02.2026

Путин: генетика и ИИ трансформируют экономику и общество

Президент РФ Владимир Путин отметил, что достижения в области генетики и IT-индустри ...

  • 25.02.2026

Путин надеется, что бюрократия не помешает появлению новых вакцин

Президент России Владимир Путин выразил надежду на то, что разработка новых вакцин и биотехнологий в стр ...

  • 25.02.2026

Малые нефтяные компании Татарстана добыли почти 7 млн тонн нефти в 2025 году

Среднегодовая цена на нефть марки Urals составила 55,6 долларов за баррель, а в январе 2026 ...

  • 25.02.2026