post

Абай облысында "Қарызсыз қоғам 2.0" жобасы іске асырылуда

Облыстық әкімдікте кеңейтілген жиын өтіп, жобаның нәтижесі талқыланды.

Жиынға облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері онлайн қатысты. Бұл бағдарлама қарызын 90 күннен аса уақыт өтей алмай жүрген азаматтарға көмектесуге арналған. Жоба биыл 17 ақпанда басталған. Қазіргі уақытта алғаш рет толықтай онлайн форматта іске аса бастады. Жалпы, аталған әлеуметтік жоба бойынша биыл 44 оқыту жоспарланған. Оның соңғысы 12 желтоқсанға дейін аяқталмақ. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 20 мыңнан астам адам қамтылуы тиіс. 1 тамызға дейін 8,5 мыңнан астам азамат оқытудан өтті.

Дегенмен Семей қаласы мен Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Ақсуат, Бородулиха, Абай және Жанасемейде аудандарында көрсеткіш төмен. Жоба сарапшылары мен заңгерлері азаматтарға мерзімі өткен қарыздарын заң аясында реттеу, қайта құрылымдау, бұғаттан шешу және банкроттық рәсімдер бойынша кәсіби кеңестер беріп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 7 мыңға жуық ауызша кеңес беріліп, 5,7 мың несие қайта қаралған. Сондай-ақ 4,5 мың есеп-шот бұғаттан шешілді. Сонымен қатар, жоба аясында халықты ақпараттандыру шаралары күшейтілді. Әлеуметтік желілерде, жергілікті газеттерде және LED-экрандарда ақпараттық хабарламалар жарияланып, "AMANAT" партиясының филиалдары мен жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр. Алайда бірқатар аудандарда ақпараттық жұмыстың қарқыны төмен екені атап өтілді.

"Маусым айында жоспардың орындалуы тоқсан сайын қаралатыны ескертілген. Сол кезде Бородулиха, Жарма, Жаңасемей аудандары мен Курчатов қаласында көрсеткіш төмен болған. Бүгінде де жылдық жоспарды орындау деңгейі бірқатар өңірлерде 50 пайыздан төмен. Кейбір аудан әкімдері жоспарын орындамаған. Егер жағдай түзелмесе, аудан басшыларына қатысты шара қабылдайтын боламыз", – деді аймақ басшысы.

Кеңес соңында облыс әкімі жобаны жүзеге асыруда белсенділікті арттыру қажеттігін атап өтті. Әсіресе, төмен көрсеткіш көрсеткен аудандарда азаматтарды кеңінен тарту, әлеуметтік желілерде ақпараттандыруды күшейту, ай сайынғы жоспарды қатаң бақылау бойынша аудан-қала әкімдеріне және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нелегальные майнинговые фермы тратили электроэнергию, как целый город

АФМ проводит системную работу по противодействию незаконному майнингу цифровых активов С начала ...

  • 03.10.2025

Талгат Байсуфинов временно возглавил сборную Казахстана

В ближайших двух играх отборочного турнира на чемпионат мира-2026 сборную Казахстана будет возглавлять Т ...

  • 30.09.2025

Протесты в Мадагаскаре: Президент распустил правительство

Президент Андри Радзолина объявил о роспуске кабинета министров на фоне массовых протестов, вызванны ...

  • 30.09.2025

Концепция безопасного труда РК: четыре направления для современной системы охраны труда

Фото: Gov На аппаратном совещании Министерства труда и социальной защиты населения РК ...

  • 30.09.2025