«АИТВ инфекциясы – үкім емес»: Дәрігер АИТВ инфекциясынан сақтанудың жолдарын айтты

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.

ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы, аурудың соңғы сатысы. Қазіргі таңда медицинаның қарқынды дамуының арқасында түрлі препараттар адам бойындағы вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, адамның иммун тапшылығы жұқпасының (АИТВ) ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына кедергі келтіреді.

Осы ретте Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай қандай іс-шаралар өткізуде? АИТВ жұқпасының жұғу жолдары қандай? Бұл инфекцияның алдын алуға бола ма? Осы және өзге де сұрақтарды Caravan.kz медиа порталының тілшісі Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, ұйымдастыру- әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Самал Кожалимоваға қойып көрген еді.

- Самал Кеңшілікқызы, әуелі оқырмандарымызға АИТВ инфекциясы мен оның жұғу жолдарын қысқаша түсіндіріп кетсеңіз.

Жалпы, вирусөте нәзік. Ол сыртқы ортаға тұрақсыз, ағзадан тыс ортада, қанның (шәует және қынаптың) кебуінде және 180 С градуста лезде өледі. Ағзада АИТВ-ның болуы 10-12 жыл ішінде мүлдем көрінбеуі мүмкін: мұндай уақыт әдетте АИТВ жұқтырған сәттен бастап емделмеген кезде ЖИТС-тің дамуына дейін өтеді.

Кейде инфекция бірнеше лимфа түйіндерінің — мойынның артқы жағында, кейде мойынның алдыңғы жағында, қолтық астында, ішекте ұлғаюы сияқты АИТВ-ның көрінбейтін белгілерімен көрінуі мүмкін. Ал, ЖИТС (СПИД) және оның белгілерінен, олар үнемі пайда болатын аурулар: пневмония, туберкулёз, цитомегаловирус, герпес және басқалары оппортунистік инфекциялар. Дәл осы аурулар көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан, вирус анықталған сәттен бастап дереу маман тағайындаған емді қабылдау керек.

Инфекция қорғаныссыз жыныстық қатынас, қан арқылы, ластанған ине мен медициналық құралдар, АИТВ жұқтырған анадан туылған балаға (жүктілік, босану және емізу кезінде) секілді төрт жолмен жұғады.

- Демек, инфекция жұқтырған адаммен бір бөлмеде болу, бірге тамақтану қауіпсіз ғой?

Әрине, инфекция жұқтырған адаммен бірге бір бөлмеде тұру, ортақ ыдыстарды ыдыстарды қолдану, жөтел мен түшкіргенде, жұмыста, мектепте, дүкенде, автобуста бірге жүру отыру, бірге ойнау қауіпсіз. Сондай-ақ, инфекция дәретхана орындығы, сүлгі, ванна, тамақ ішу, іс құралдары, қол қысу, құшақтасу, сүйісу, маса, т.б. жәндіктер, жануарлар арқылы да жұқпайтынын айта кету керек.

- АИТВ инфекциясының алғашқы белгілеріне тоқталсаңыз.

АИТВ инфекциясының алғашқы симптомдары көп жағдайда жасырын түрде болады. Мысалы, АИТВ жұқтырылғаннан кейін бірнеше аптадан соң, адам бойындағы температура 37,5-38 градусқа дейін көтерілуі, тамақтың жұтқан кезде ауыруы, себепсізден салмағын жоғалтуы (10 және одан да көп кг), жиі іш өтуі туындайды, терісінде қызыл дақтар пайда болады, ауыздың уылуынан немесе кандидоз туындайды.

Науқастар көбінесе осыларды шамалы уланудың не салқын тиюдің белгілері деп қабылдап, АИТВ инфекциясының осы тектес симптомдарының көрінісіне мән бермейді. Бұларды тұмаудың не кәдімгі салқын тиюдің симптомдарынан ажырату қиын. Бұдан бөлек, АИТВ инфекциясының алғашқы симптомдары жұқтырғандардың барлығында бірдей болмайды.

- Түсінікті, ал науқастың АИТВ инфекциясын жұқтырғанын қалай анықтайсыздар?

Адамның АИТВ жұқтырғанын білудің жалғыз-ақ жолы бар. Ол – ЖИТС орталығының зертханасында қан сараптамасынан өту. Сондықтан, бойыңыздан жоғарыда аталған белгілірдің бірін байқасаңыз, дереу өз қалаңыздағы ЖИТС орталығының зертханасына барып қан сараптамасынан өтіңіз.

- АИТВ инфекциясының алдын алу үшін не істеу керек?

  • Күмәнді танысудан аулақ болыңыз
  • Неке адалдығын сақтау
  • Есірткі мен алкоголь тұтынбаңыз (өзін-өзі бақылау жоғалады)
  • Мүшеқап айдалану
  • Пирсинг пен тату қолданбау
  • Маникюр, педикюр жүргізу үшін стерильді құралдарды пайдалану
  • Жеке ұстара құралын, жеке тіс щеткасын қолданыңыз.

- 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай биыл Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қандай шаралар ұйымдастыруда?

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай биыл «Қауымдастықтарға — көшбасшылық» ұранымен еліміздің ірі сауда-ойын-сауық кешені "Aport mall" және Қонаев қаласында мәдени орталық кешенінде кең көлемді науқан өтті. Сонымен қатар, науқан аясында іс-шаралар облыстың Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарғалы, Іле, Талғар, Қарай аудандарының орталық емханаларында, С.Демирель университетінде және Алматы облысына қарасты бірнеше мектеп оқушылары мен әскери бөлімдерінде өз жалғасын тапты. 1663 адам қамтылды, 1980дана мүшеқап, 1630-ден аса ақпараттық оқыту құралдары таратылды. 28 қарашада аймақтық байланыс орталығымен өткен брифингте Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған күрес орталығының мамандары облыстағы эпидемиологиялық ахуалды баяндады.

- Сөз соңында оқырмандарымызға айтар ұсыныс, тілегіңіз болса, мархабат.

АИТВ инфекциясы – үкім емес. Вирус жұқтырғаннан кейін де өмір бар, тек дәрігерлер тағайындаған емді қабылдап, уақытылы тексеріліп, салауатты өмір салтын ұстансаңыз болғаны. Егер, жақын адамыңыз вирусты жұқтырса, жан-жақты қолдау танытыңыз. Себебі, вирус анықталған сәт – науқас өміріндегі ең күйзелісті кезеңдердің бірі болуы мүмкін. Күнделікті өмірде қорғалмаған жыныстық қатынастан сақтанып, гигиеналық заттардың бірнеше адамға ортақ болмағанын қадағалаңыз.

Әңгімеңізге рақмет!

Медицина

Биткоин лидер гонки

Фото: REUTERS/Dado Ruvic Биткоин взлетел к $97000. Сектор цифровых активов продол ...

  • 21.11.2024

Назначен новый аким Аксу

Сегодня глава региона Асаин Байханов на заседании актива Аксу представил нового акима города, перед ...

  • 21.11.2024

Несколько машин столкнулись в Астане

Крупное ДТП произошло на проспекте Республики, сообщает Kazpravda.kz Сотрудники полиции и медики ...

  • 21.11.2024

Почему лидер сборной Казахстана разозлил наставника "Металлурга"

20 ноября столичный коллектив "Барыс" в рамках игр КХЛ дома сумел переиграть действующего чемпиона К ...

  • 21.11.2024