Қазақстан +7 кодын сақтап қалды


Қазақстан +7 телефон кодын қалдыру бойынша шешім қабылдады. Бұл туралы LS-ке цифрлық даму министрлігінде хабарлады.

Министрлікте қазіргі уақытта 2006 жылы екі ел тарапында жасалған "Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін пайдалану туралы" келісімге сәйкес Ресеймен +7 интеграцияланған халықаралық кодты қолданатынын түсіндірді.

Бұл ретте 2021 жылы Қазақстан +997 халықаралық телефон кодын сақтап қалды.

Алайда, аталмыш байланыс операторларымен мәселені пысықтау барысында бірқатар қаржылық және технологиялық проблемаларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі атап өтілді.

Абоненттер мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін барлық әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларда өз деректерін жаңартуға мәжбүр болады. Тиісінше, өтпелі кезеңде сәтсіз жағдайлар да орын алуы мүмкін.

"Министрлікте халықаралық телекоммуникация одағымен қайта келіссөздер жүргізілді. Халықаралық +7 кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды", — деп түсіндірді цифрлық даму министрлігінде.

Осыған байланысты Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігімен "Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін" пайдалану туралы елдер арасында жаңа келісім жасасу мәселесі пысықталды.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен келісілген. Бүгінде ол дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясына жіберілді.

"Қазіргі уақытта Ресей жағында мемлекетішілік қайта келісілу рәсімдері жүргізілуде. Әрі қарай, жоба Ресей Федерациясымен келісілгеннен соң құжатқа қол қою және қабылдау жұмыстары рәсімделеді. ҚР Үкіметінің екі қаулысы қабылданады", — деп қорытындылады министрлікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан 2025 жылдың қаңтарына дейін жаңа +997 телефон кодына толығымен көшетінін хабарлаған болатын.

Мужчины в масках напали на астанчанина из-за его уязвимости

Четверых мужчин судили в Межрайонном суде по уголовным делам г. Астаны. Их признали виновными в с ...

  • 20.11.2025

13 случаев гонконгского гриппа выявлены в Алматы

В Алматы зарегистрировано 13 подтвержденных случаев гриппа A/H3N2 – гонконгский грипп, в основном среди ...

  • 18.11.2025

Казахстан и Россия открывают новую эру стратегического партнерства – Токаев

Накануне визита в Москву в "Российской газете" вышла статья президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, ...

  • 11.11.2025

Безопасность детей – на системном контроле

Под председательством Государственного советника Ерлана Карина состоялось совещание по вопросам обес ...

  • 10.11.2025