Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында қызылшаны ауыр өткеріп жатқан балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек орын ашылды. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылған, жүктеме 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында 79% жоғары екені байқалады», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол қызылшадан адам өлімі тіркелмегенін атап өтті.

«Емдеуге жатқызылғандардың арасында 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», – деді министр.

Эвакуацию упавших фрагментов ракеты-носителя начали в Якутии

ЯКУТСК, 19 мая, ФедералПресс. Фрагменты ракеты-носителя «Союз-2.1б» начали эвакуировать в Вилю ...

  • 19.05.2026

В Петербурге скончался экс-руководитель метро города Владимир Гарюгин

В Санкт-Петербурге после продолжительной болезни скончался бывший руководитель метр ...

  • 19.05.2026

«Имя в журналистике»: ведущий ТНВ Рамиль Гарипов стал лауреатом премии «Бәллүр каләм»

В эти минуты в Казани проходит торжественная церемония награждения победителей XXIX конкурса ...

  • 19.05.2026

Ивановская предложила проверять уровень украинского языка у школьников

Языковой омбудсмен Украины Елена Ивановская озвучила предложение о важности проверки уровня знания украи ...

  • 19.05.2026