post

Каспий теңізінің деңгейі төмендеп кетті

Биыл Каспий теңізінің деңгейі бұрын-соңды болмаған ең төмен көрсеткішке түсті. LS тілшісі теңізді құтқару шаралары туралы мәліметтерді білді.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді . Бұл уақыт аралығында деңгей 1,83 метрге азайған.

"Орташа жылдық төмендеу шамамен 9,6 см құрайды", – деп түсіндірді министрлікте.

Министрліктің дерегінше, 2025 жылы Каспий теңізінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша – 29,21 метрге жеткен. Бұл – рекордтық төмен көрсеткіш.

Мамандардың бағалауынша, егер қазіргі климат пен су шаруашылығындағы үрдістер өзгермесе, 2030 жылға қарай теңіз деңгейі – 30,2 метрге дейін түседі. Бұл су айдынының одан әрі қысқарып, жағалаудағы экожүйеге елеулі зиян келтіруі ықтимал.

Министрлік Тегеран конвенциясы шеңберінде Каспий маңы мемлекеттерімен өңірлік әріптестікті күшейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

Ал Көлік министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта порт акваториясының орташа тереңдігі 4,5 метрді құрап отыр, ал кеме қатынасы үшін қажет көрсеткіш 6,5-7 метр болуы тиіс. Осыған байланысты жүк тасымалдаушы кемелер толық жүктелмей, тек 75% көлемінде ғана пайдаланылуда.

Министрліктің мәліметінше, Құрық портының акваториясы мен кіреберіс арнасында түбін тереңдету жұмыстары аяқталып, өтпелі тереңдік 5,5 метрден 7-8 метрге дейін ұлғайтылған.

Алдағы уақытта Ақтау портында да тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған.

Министрліктің мәлімдеуінше, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде теңіз кемелері (танкерлер, паромдар мен құрғақ жүк тасымалдаушылар) өз жүк көтергіш әлеуетін толық көлемде пайдалана алатын болады.

Ипотеки в Казахстане: ставки, лимиты и условия на 2026 год

В 2026 году в Казахстане продолжат действовать несколько государственных ипотечных программ, переда ...

  • 30.12.2025

Погода в Актобе на 30 декабря - 1 января

Фото Анастасии Шматовой На смену холодному антициклону приходит южный тёплый циклон, с к ...

  • 29.12.2025

Социнспекторы выявили нарушения на 79,7 млн тенге с начала года

Фото: Gov С начала 2025 года социнспекторами проведена 1371 проверка, из них 466 ...

  • 27.12.2025

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025