Қазақстанда құмар ойындарын ойнауға және жарнамалауға кімдерге тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңның ілеспе жобасына түзетулер қабылдады.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев пленарлық отырыста заң жобаларын талқылау екі жылға жуық уақытқа созылғанын, тек Үкіметтің қорытындысын алуға 1,5 жыл кеткенін атап өтті.

Осылайша, депутаттар үйлердің, ғимараттардың, көлік құралдарының қасбеттеріндегі букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасына барынша шектеу қоюды ұсынады. Сондай-ақ интернет-ресурстарда, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кинода, блогерлерде және әлеуметтік желілердегі басқа да тұлғаларда жарнамаға толық тыйым салуды қолдайды.

"Ешқандай танымал блогер немесе белгілі азамат әлеуметтік желілер арқылы букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайды. Олардың мұндай құқығы болмайды. Ол үшін ӘҚБтК-ге арнайы норма енгізіледі және 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделеді. Мүмкін спорттық іс – шараларға блогерлер қатысатын шығар, бірақ олардың барлығы букмекерлік кеңселерді жарнамалау құқығынан айырылатын болады", — деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, құмар ойындарға қатысуға жас шектеуі артады. Енді кем дегенде 25 жастағы адамдар ғана ұтыс тіге алады. Ал заңды тұлғалар және 25 жасқа дейінгі азаматтар құмар ойындарға қатысқаны үшін қомақты сомаға айыппұл салынады және қайталанған жағдайда олардың лицензиялары тоқтатылады.

Сонымен қатар, алименті өтелмеген және кредиттер бойынша қарызы бар азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға шектеулер енгізіледі.

Тағы бір маңызды норма – онлайн-казино ұйымдастырушылары үшін заң жобасында Қазақстан ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделетін болады. Мәжілісменнің мәліметінше, елдегі онлайн-казиноларға толық тыйым салынғанына қарамастан, олар басқа елдерде тіркелу есебінен жұмысын жалғастыруда.

"Сондай – ақ құжаттарда 25 жасқа дейінгі азаматтарға, мемлекеттік және құқық қорғау қызметшілеріне, әскери қызметшілерге және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға бәс тігуге тыйым салу көзделген", — деп қосты Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың айтуынша, соңғы 2,5 жылда әрбір бесінші қазақстандық дерлік құмар ойындарға қатысқан немесе құмар ойындарға қатысы бар. Оның ішінде 400 мыңға жуық адам ойынға қатысып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенттері болған.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын 20 наурызда қабылдады.

Сурет: pexels

Режиссер фильма про Мусу Джалиля о своих критиках: «Я не знаю кто такие»

Завтра в татарстанских кинотеатрах сети «Татаркино» выйдет в прокат художественный фильм режиссёра Ра ...

  • 11.02.2026

«Все поверили в сказку». Бандит из 90-х рассказал Безрукову правду о сериале «Бригада»

23 года назад на российские экраны вышел сериал, который должен был стать ещё одной криминальн ...

  • 11.02.2026

Володин: надо брать тарифы ЖКХ под особый контроль

Позиция всех депутатов Государственной думы России: надо брать тарифы под особый контроль. Об этом за ...

  • 11.02.2026

Сменившим российское гражданство спортсменам могут запретить въезд в страну

Министр спорта РФ Михаил Дегтярев также считает, что таких спортсменов нужно лишать званий Спортсм ...

  • 11.02.2026