Абай облысының полицейлері өңіраралық топтың әрекетін әшкереледі

Қаскөйлер интернет-алаяқтық арқылы 52 миллион теңгені қолды қылды.

Күдіктілер жүк көліктерін сату туралы жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарды мәміленің шынайылығына сендіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.

"Алаяқтық жолмен алынған қаражат Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде тіркелген жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларының тұрғындары жапа шекті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 52 миллион теңгеден асты" — делінген хабарламада.

Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында басты күдіктілер ұсталды. Олардың бірі – Қызылорда облысында туған, ұрланған қаражатты заңдастыру үшін қолданылған ТОО-лардың бірінің жалған директоры ретінде тіркелген 32 жастағы азамат, екіншісі – қаржылық операцияларға қатысы бар Түркістан облысында туған 50 жастағы ер адам. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сондай-ақ, полицейлер олардың сыбайластары – үш азаматты анықтады, оларға қатысты “келу міндеттемесі” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", — деп қосты ПД баспасөз қызметінде.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық схеманың қосымша эпизодтары мен басқа да қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Губернатор Анохин открыл в Смоленске центр помощи женщинам и детям

В Смоленске начал работу новый центр помощи беременным и женщинам с детьми под названием "Второе дыхание ...

  • 04.04.2026

Позорный рекорд: как Трамп обошел Никсона по непопулярности

Человек, который обещал американцам, что они устанут от его побед, котиру ...

  • 04.04.2026

Jaguar Land Rover зарегистрировал товарные знаки в России до 2034

Британский автопроизводитель Jaguar Land Rover успешно завершил регистрацию своих товарных знаков в Росс ...

  • 04.04.2026

Суды Орловской области оштрафовали четверых за публикации о ПВО

С 1 июля 2025 года в Орловской области судьи рассмотрели четыре случая административных правонарушений, ...

  • 04.04.2026