Алматыда құрылысшыларға миллиондаған айыппұл салынды

Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған нысандарды бұзу бойынша ондаған талап-арыз жіберілді. Бұл туралы LS-ке қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мегаполисте биылғы жылдың бірінші тоқсанында құрылыс саласына қатысты 279 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде 158 заңбұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 103 нұсқама берілген.

Сонымен қатар, заң талаптары мен құрылыс нормаларының бұзылуы бойынша сотқа 71 талап – арыз жолданған. Оның 37-сі нысандарды бұзу туралы.

Жыл басынан бері құрылыс компанияларына 55,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жоспардан тыс тексеруді бастау үшін ресми өтініш болуы қажет.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері 74 нысан заңсыз салынғаны үшін толық немесе жартылай сүрілді. Олардың қатарында "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және тағы басқалар бар.

Бұған дейін, қалада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарын сатып алу алдында тексеруге мүмкіндік беретін жедел желі іске қосылған болатын: +7 (727) 229-81-36.

Эвакуацию упавших фрагментов ракеты-носителя начали в Якутии

ЯКУТСК, 19 мая, ФедералПресс. Фрагменты ракеты-носителя «Союз-2.1б» начали эвакуировать в Вилю ...

  • 19.05.2026

В Петербурге скончался экс-руководитель метро города Владимир Гарюгин

В Санкт-Петербурге после продолжительной болезни скончался бывший руководитель метр ...

  • 19.05.2026

«Имя в журналистике»: ведущий ТНВ Рамиль Гарипов стал лауреатом премии «Бәллүр каләм»

В эти минуты в Казани проходит торжественная церемония награждения победителей XXIX конкурса ...

  • 19.05.2026

Ивановская предложила проверять уровень украинского языка у школьников

Языковой омбудсмен Украины Елена Ивановская озвучила предложение о важности проверки уровня знания украи ...

  • 19.05.2026