post

Жасанды интеллект қандай мамандарды алмастыра алады

Жасанды интеллект (ЖИ) Қазақстандағы шамамен 1 млн жұмыспен қамтылған адамды алмастыра алады. Бұл туралы LS редакциясына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді.

Министрліктің деректері бойынша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүргізген талдау нәтижелері ұзақ мерзімді перспективада әкімшілік қызметкерлердің міндеттерінің 45%-на дейін генеративті ЖИ арқылы автоматтандырылуы мүмкін екенін көрсеткен.

Дегенмен, бұл үрдіс жұмысшы мамандықтарының небәрі 2%-ына әсер етеді.

"Жалпы алғанда, міндеттердің шамамен 13%-ы (яғни, 1 млн жұмыспен қамтылғанға сәйкес) болашақта жасанды интеллект есебінен автоматтандырылады", – деп мәлімдеді министрлікте.

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауынша, кеңсе жұмыстарының 24%-ы жоғары деңгейде осал, ал 50%-ы орташа деңгейде осал.

Goldman Sachs зерттеуі көрсеткендей, АҚШ-та мамандықтардың үштен екісі ЖИ ішінара автоматтандырылуы мүмкін. Әсіресе, әкімшілік қызметкерлер (46%) және заң саласы (44%) мамандары үшін қауіп жоғары. Ал құрылысшылар (6%) мен жөндеушілерге (4%) бұл өзгерістер әсер етпейді.

Инвестициялық банктің мәліметінше, дамушы елдерде автоматтандыру деңгейі төмен болады. Әлемдік деңгейде жұмыстың 18%-ы (шамамен 300 млн қызметкерге тең) жасанды интеллект арқылы орындалуы мүмкін.

Министрлікте жасанды интеллекттің еңбек нарығына тигізетін ықпалына қарамастан, Қазақстандағы жұмыс орындарының көпшілігі тек ішінара автоматтандырудан өтеді деп сендірді. Осылайша, жаңа технологиялар адам еңбегін толығымен алмастырмай, оны толықтырады.

"Ең ықтимал нәтиже – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар еңбек өнімділігінің артуы", – деді министрлікте.

Бұл мамандардың босайтын уақытын жаңа міндеттерді орындауға жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа технологиялармен байланысты жаңа қызмет түрлері пайда болуы мүмкін.

Министрлік 2024 жылы электрондық еңбек биржасы порталында жасанды интеллект негізіндегі модель іске қосылғанын мәлімдеді. Ол жұмыс берушілер мен ізденушілерге сәйкес келетін ұсыныстар жасап, іріктеу сапасын жақсартуға көмектеседі.

Цифрлық даму министрлігі LS-ке ЖИ енгізу күнделікті және қайталанатын тапсырмаларды орындайтын қаржы, логистика, өндіріс, тұтынушыларды қолдау және IT саласындағы мамандықтарға әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл жаңа технологиялардың қызметкерлердің шығармашылыққа, инновациялық ойлауға және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көңіл бөлуіне жағдай жасайтынын көрсетті.

"Автоматтандыру болашақта әкімшілік процестерге, диагностикаға және басқа да салаларға ықпал етеді. Бірақ жасанды интеллект адамды алмастыра алмайды. Мұны тек жоғары құзыретке және нейрондық желілермен жұмыс істеу дағдыларына ие адам жасай алады", – деп атап өтті министрлік өкілдері.

Болжам бойынша, негізгі өзгерістер алдағы 5-10 жыл ішінде орын алады, ал автоматтандырудың шыңы 2027-2030 жылдарға сәйкес келмек. Бұл кезеңде ЖИ жүйелерін әзірлеу және қызмет көрсету, киберқауіпсіздік, деректерді талдау, цифрлық маркетинг және ЖИ оқыту салаларында жаңа мамандықтар пайда болады. Осы бағыттарда мыңдаған маманға сұраныс артады деп күтілуде.

Халықты қолдау мақсатында министрлік "Инновациялық технологиялар паркі" кластерлік қорымен бірлесіп бірнеше оқыту бағдарламаларын іске қосты.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның Google және Microsoft компанияларымен бірге цифрлық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Крушение военного вертолета в Алматинской области: обнаружено второе тело

Проводится процедура опознания Конаев. 10 августа. KAZAKHSTAN TODAY - В ...

  • 10.08.2025

Пять бронзовых медалей завоевали казахстанки на молодежном ЧА по боксу

В Бангкоке (Таиланд) продолжается чемпионат Азии по боксу среди молодежи 8 августа завершились п ...

  • 08.08.2025

Чиновник в ВКО получил штраф за ошибку на сайте акимата

В Восточно-Казахстанской области руководитель отдела земельных отношений был оштрафован на 117 960 тенге ...

  • 08.08.2025

Минфин усиливает контроль за строительными организациями в госзакупках

Фото: borevina/ Pixabay.com Каждого человека волнует вопрос качества работ. Будь то ст ...

  • 08.08.2025