2 жасар баланың үстіне кіржуғыш машина құлап кетті

Баланың үстіне қайнаған су толған кіржуғыш машина құлап, денесі күйіп қалды.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 2 жасар балаға қайнаған су толған кіржуғыш машина құлап кетіп, денесінің 79 пайызы күйіп қалды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 тамыз күні Алтай қаласында болған. Сол уақыттан бері дәрігерлер екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Бүлдіршін үйде ойнап жүріп, қайнаған су толған кіржуғыш машинаны үстіне құлатып алған. Соның салдарынан басын, мойнын, денесін, аяғы мен қолын термиялық күйік шалды. Жалпы, тұла-бойының 79 пайызы күйіп қалған. Ол санитарлық авиациямен шұғыл түрде Өскемен қаласына жеткізілді.

«Ауруханаға жатқызылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін балаға шокқа қарсы және детоксикация терапиясы жасалып, қан мен плазма құйылды. Сондай-ақ хирургтар денесінің зақымдалған жерлерінің шамамен 35% 4 еселік аутодермопластика (тері егу) жасады. Бүгінде баланың жағдайы «тұрақты ауыр деп бағалануда», – делінген ақпаратта.

МИД Румынии выразил протест из-за падения БПЛА на территории страны

Посол России в Румынии Владимир Липаев был приглашён в румынское внешнеполитическое ведомство после ...

  • 25.04.2026

Командир Аид сообщил о братских могилах в Судже

После освобождения Суджи российскими военными на территории города обнаружили крупную братскую могилу, в ...

  • 25.04.2026

У Путина не осталось выбора: Финляндия жестко поплатится за провокации у границ РФ

МОСКВА, 25 апреля, ФедералПресс. Несколько дней назад правительство Финляндии представило на р ...

  • 25.04.2026

В МВД предупредили о рисках перехода по иностранным ссылкам

МВД России рекомендовало пользователям не переходить по ссылкам вне национальной доменной зоны .ru, ч ...

  • 25.04.2026