Ер адамды көлігімен сүйреп өлтірген бойжеткенге сот үкімі шықты

Астанада абайсызда кісі өліміне әкеп соққан жанжалдан кейін айыпты болған бойжеткен сотта ақталып шықты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қызғаныш салдарынан болған кезекті жанжалдан кейін түнгі уақытта ер адам сүйіктісін оның үйінің жанында күтіп тұрған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Таңғы сағат 5.00 шамасында үйіне келген бойжеткеннің көлігінің алдынан жүгіріп шыққан ол дереу көліктен шығуды талап еткен. Ол қыздан неге кешігіп келкені туралы сұрап, көліктің есігін ашуды бұйырған. Артынша ашуланып, балағат сөздер айтып, ашық тұрған терезе арқылы қыздың мойнынан ұстап, қылғындыра бастайды.

«Өзін қорғау мақсатында бойжеткен көліктің газын басып, жүріп кеткен, ал жанталаса терезеден ұстаған ер адам көлікті жіберместен, біршама қашыққа сүйретіліп барған. Асылып тұрған күйде біраз қашықтықты жүріп өткен ол әлсіреп, жолда құлаған. Жылдамдықпен келе жатып құлағандықтан асфальтқа соғылып, соның салдарынан ер адам ауыр дене жарақатынан көз жұмған», – делінген сот хабарламасында.

Бірінші сатыдағы сотта бойжеткен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда апелляциялық инстанция қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін таппағандықтан, сот алқасы бұл жағдайда қыз ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру мақсаты болмады деп шешкен. Сондықтан сот бойжеткен өз өмірі мен денсаулығын қорғау үшін әрекет еткен деген қорытындыға келді.

Істі қайта қарау нәтижесінде бойжеткенге ақтау үкімі шығарылды.

Забыли про сырники, готовим простые творожные бабки: нежные и быстрые

Творожные бабки на Масленицу На Масленицу принято печь блины, но в нашей кухне есть ещё одно ...

  • 17.02.2026

На трассе Р-22 под Рязанью столкнулись две «Лады» – водители госпитализированы

РЯЗАНЬ, 17 февраля, ФедералПресс. 16 февраля на 238-м км автодороги Р-22 «Каспий» в Пронском р ...

  • 17.02.2026

В Казани фиксируются перебои с вывозом мусора после снегопадов: ситуацию проверит прокуратура

КАЗАНЬ, 17 февраля, ФедералПресс. После серии обильных снегопадов в Казани обострилась ситуаци ...

  • 17.02.2026

Илья Авербух поделился опытом со слушателями «Мастерской управления событиями»

МОСКВА, 17 февраля, ФедералПресс. В Мастерской управления «Сенеж» началось обучение по организ ...

  • 17.02.2026