"Газада электр қуаты сөнетін болса 55 нәресте бес минутта көз жұмады": Палестина дәрігерлері дабыл қақты

Газадағы неонаталды реанимация бөлімшесінің дәрігерлері электр қуаты сөніп, инкубатордың қуаты бітетін болса кей жаңа туған нәрестелердің бірнеше минут ішінде көз жұмуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ медицина қызметкерлері кішкентай пациенттері үшін отын мен дәрі-дәрмек табу үшін барын салуда.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы маңызды бөлімге қажетті медициналық құралдар жіберулеріңізді сұраймыз. Егер электр қуаты сөніп қалса, біз 55 сәбиді бес минут ішінде жоғалтамыз", — деді Газа қаласындағы Аль Шифа ауруханасының докторы Насер Булбул.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф аль-Кидраның айтуынша, Газа секторындағы электр инкубаторларында 130 жаңа туған нәресте бар.

"Біз отынды өмірді құтқаратын маңызды қызметтерге, соның ішінде инкубациялық цехтарға ауыстырдық. Бірақ бұл қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Газадағы 13 мемлекеттік аурухананың ең үлкені Шифада генераторларда отын таусылуда. Біз бүкіл әлемнен отынмен қамтамасыз етуді сұраймыз. Мемлекеттік және жеке жанармай құю бекеттерінен ауруханалардағы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жанармайды үнемдеуге шақырдық", — деді ол.

Айта кетейік, 7 қазан күні ХАМАС содырлары израильдік қауымдастықтарға трансшекаралық шабуыл жасап, бір адамды өлтіріп, 400-ден астам адамды кепілге алған еді. Одан кейін Израиль өзінің әуе шабуылдарын бастап, ХАМАС басқаратын Газа секторын толық қоршауға алған болатын.

S7 планирует зимой увеличить число рейсов в Китай

Также прорабатываются новые маршруты, сообщили в авиакомпании Авиакомпания S7 зимой планирует увел ...

  • 21.05.2026

Иван Федотов покинул "Кливленд" из-за травмы и вернулся в Россию

Российский вратарь Иван Федотов покинул команду Американской хоккейной лиги (АХЛ) "Кливленд Монстерс" по ...

  • 21.05.2026

Роскошь на подъёме: российский рынок люксовых авто обновил 4,5-летний рекорд

В апреле 2026 года российские дилеры реализовали 81 новый автомобиль сегмента Luxury — максима ...

  • 21.05.2026

Кадышева и «Тату» выступят на суперфинале Кубка России

Матч между «Спартаком» и «Краснодаром» пройдёт 24 мая в «Лужниках» Надежда Кадышева с ансамблем «З ...

  • 21.05.2026