Тимур Салимов Jusan Invest-тің жаңа басқарма төрағасы болды


10 тамыз күні Jusan Invest директорлар кеңесі жиынында компанияның басқарма төрағасының ауысуы туралы шешім қабылданды. Тимур Салимов – компанияның жаңа басшысы.

Бұл компанияның әрі қарай дамып, жаңа белестерге жету жолын көрсететін маңызды қадам болып саналады.

Тимур Салимов – брокерлік нарықта үлкен тәжірибиеге ие. Asyl-invest, Real Invest group, Kazkommerts Securities және Halyk Global Markets секілді компанияларда басқарушы қызметтер атқарған. Оның көп жылдық тәжірибиесі жаңа өнімдер көмегімен компания көрсеткіштерін жақсартып, стратегиясын күшейтеді.

"Jusan Invest – жылдам дамып келе жатқан жас компания. Мен сервистер көмегімен Қазақстанда инвестицияны танымал етіп, оны біздің халыққа түсінікті әрі ыңғайлы етіп жасауға бар күшімді салуға дайынмын. Ең алдымен, біз клиенттеріміз үшін сапасы жоғары өнімдер мен қызметтер жасаймыз", – деп пікір білдірді жаңа төраға.

Бүгінгі күнде компания — онлайн қызметтер мен сервистер жұмысын ұсынады. Оның ішінде дайын инвестициялық пай қорлары мен зейнетақы активтерін басқару қызметі бар.

Жыл басынан бері Jusan Invest көптеген көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелерге жетті. Қазақстандық қор биржасы бойынша "Акциялар нарығының көшбасшысы" және "Инвесторларды тартуға қосқан елеулі үлесі үшін", ал Астана халықаралық биржасы бойынша "Бөлшек сауда сегментін дамытуға қосқан үлесі" және "Борыштық бағалы қағаздар бойынша үздік инвестициялық банкинг командасы" марапаттары осыған дәлел бола алады.

"First Heartland Jusan Invest" Акционерлік қоғамы © 2004–2023
ҚНРДА №3.2.239/16 лицензиясы, 25.06.2021 жыл

«Имя в журналистике»: ведущий ТНВ Рамиль Гарипов стал лауреатом премии «Бәллүр каләм»

В эти минуты в Казани проходит торжественная церемония награждения победителей XXIX конкурса ...

  • 19.05.2026

Ивановская предложила проверять уровень украинского языка у школьников

Языковой омбудсмен Украины Елена Ивановская озвучила предложение о важности проверки уровня знания украи ...

  • 19.05.2026

В Казани выделят 15 млн рублей на виртуальную ИТ-инфраструктуру

В Казани объявили тендер на создание защищённой виртуальной ИТ-инфраструктуры для го ...

  • 19.05.2026

В Челнах по нацпроекту меняют изношенные на 85% сети канализации

В Набережных Челнах капитально ремонтируют канализационные сети на улице Низаметдино ...

  • 19.05.2026