Сарапшы әлеуметтік желіде фильтр пайдаланатын блогерлерді бақылауға алуды ұсынды

Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Еркежан Қалмақбаева әлеуметтік желіде адамның сыртқы бейнесін өзгертіп көрсететін фильтрлердің пайдалану белең алғанына алаңдайтынын білдірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшы аталған фильтрді пайдаланудың мәдениетін қалыптастыруға мемлекет те атсалысу керек деп есептейді.

«Бұл үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте блогерлер мен инфлюенсерлердің қызметін реттеу керек. Өйткені олардың өнімі медиа контент тұтынушыларға елеулі ықпал етеді», — дейді Еркежан Қалмақбаева.

Сондай-ақ ол былтыр блогерлердің жарнама қызметін реттейтін нормативтік акт қабылданғанын еске салды. Бірақ ол құжатта адамның келбетін құбылтатын технологияларды пайдалану мәселесі реттелмеген көрінеді.

«Фильтр пайдалану белең алғанын ескеріп, Үкімет цифрлық трансформация мәселесінде жауапкершілік таныту керек», — дейді сарапшы.

Еркежан Қалмақбаева Lightricks, FaceTune, сияқты компаниялар келбет құбылу технологияларына миллиондап инвестиция тарта білгенін айтады. Яғни, бұл технологиялар инвесторлар үшін тартымды болып тұр.

Ал, Франция жарнамада келбетті өзгертіп, жарнама жасауға қатаң шектеу қойылған. Ондай жарнаманы жариялаған кезде келбетті өзгертетін технология пайдаланылғанын жария ескерту қажет. Ұлыбритания мен Канада да жарнамаға аталмыш технологияның пайдалануын шектеу мәселесін талқылап жатыр.

Норвегияда жарнама берушілер мен инфлюенсерлерге жарнама суретін фотошоп технологиялары пайдаланылғаны туралы мәлімет ұсынбай жариялауға тыйым салынған. Тіпті Ұлыбританияда дененің цифрлық кескіні туралы заң жобасы талқыланып жатыр.

S7 планирует зимой увеличить число рейсов в Китай

Также прорабатываются новые маршруты, сообщили в авиакомпании Авиакомпания S7 зимой планирует увел ...

  • 21.05.2026

Иван Федотов покинул "Кливленд" из-за травмы и вернулся в Россию

Российский вратарь Иван Федотов покинул команду Американской хоккейной лиги (АХЛ) "Кливленд Монстерс" по ...

  • 21.05.2026

Роскошь на подъёме: российский рынок люксовых авто обновил 4,5-летний рекорд

В апреле 2026 года российские дилеры реализовали 81 новый автомобиль сегмента Luxury — максима ...

  • 21.05.2026

Кадышева и «Тату» выступят на суперфинале Кубка России

Матч между «Спартаком» и «Краснодаром» пройдёт 24 мая в «Лужниках» Надежда Кадышева с ансамблем «З ...

  • 21.05.2026