Қазақстанда жаңа институт пайда болады

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, мекеме Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты деп аталмақ. Министрлік тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған.

"Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады", — деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігіне.

Алынған мәлімет мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Сурет: ашық дереккөздерден

Ипотеки в Казахстане: ставки, лимиты и условия на 2026 год

В 2026 году в Казахстане продолжат действовать несколько государственных ипотечных программ, переда ...

  • 30.12.2025

Погода в Актобе на 30 декабря - 1 января

Фото Анастасии Шматовой На смену холодному антициклону приходит южный тёплый циклон, с к ...

  • 29.12.2025

Социнспекторы выявили нарушения на 79,7 млн тенге с начала года

Фото: Gov С начала 2025 года социнспекторами проведена 1371 проверка, из них 466 ...

  • 27.12.2025

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025