Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап стационарда болған үш науқас та қажетті емдеу курсынан өтіп, амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ауыр жарақат алған 50 жастағы ауруханада 13 күн болған үйіне шығарылды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда түскен, бірнеше сүйегі сынып, травматикалық шок алған еді.

Алматы қалалық №7 аурухана директоры Манас Рамазанов науқасқа ацетабулярлы тірегі мен бұрандалары бар реконструктивті пластинаның сол жағындағы ацетабулярлы түбінің ашық репозициясы бойынша операция жасалғанын хабарлады. Операциядан кейінгі 7 тәулікте науқас емдік ұсынымдарымен шығарылды дейді ол.

Бұған дейін №7 аурухананың нейрохирургиялық бөлімінде ем алған тағы екі адам үйіне шығарылған еді.

Естеріңізге салсақ, Алматыдағы "Қалқаман" аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды.

Крупные улицы и развязки строят в Астане

В Астане ведётся строительство крупных дорожных проектов. К примеру, это улица Бухар жырау от проспе ...

  • 26.04.2025

В Казахстане дешевеет вторичное жилье

В Казахстане снижаются цены на вторичное жилье, показывает аналитика Krisha.kz. В апреле средняя цена кв ...

  • 25.04.2025

Астропрогноз на 25 апреля

Атмосфера этого дня подталкивает к решительным действиям. Сейчас как никогда благоприятно ...

  • 25.04.2025

Схема вымогательства раскрыта через канал знакомств в Уральске

Фото: polisia.kz Среди задержанных оказались студенты колледжей. Сотрудники управлени ...

  • 23.04.2025