Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ерлер мен әйелдер туралы мәліметті жариялады.

Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.

Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.

"Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы" кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.

"Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін "мінездерінің бір-біріне сай келмеуі" деп көрсетеді", — деп хабарлады ведомство.

Сурет: depositphotos.com

Бизнес все равно будет отказываться от «упрощенки» – Жумангарин

Вице-премьер и министр нацэкономики Серик Жумангарин рассказал, почему было принято решение о сохранении ...

  • 22.10.2025

Топоры и сабли Карима Масимова продали дороже, чем планировали

Почти все предметы из коллекции холодного оружия осуждённого экс-главы КНБ Карима Масимова продали на то ...

  • 21.10.2025

В выходные к казахстанцам будут приходить с проверками из акимата

Фото из архива "Диапзона" В Казахстане начнут проводить рейды и подворовые обходы в жилом секторе — ...

  • 21.10.2025

Казахстанские пляжники выиграли четыре матча на ЮАИ

В Манаме (Бахрейн) в рамках юношеских Азиатских игр стартовал предварительный раунд соревнований по ...

  • 21.10.2025

Теги