Депутаттар мұғалімдердің еңбекақысына талдау жүргізуді сұрады

Мәжілісте қосымша білім беру педагогтерінің еңбекақысын төлеу жүйесіне талдау жүргізу жайында сұрақ көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады.

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығына сәйкес қосымша білім беру педагогтары «В3» блогына, ал мектеп мұғалімдері «В2» блогына бекітілген. Алайда қосымша білім беру педагогтері да сол орта білім беру педагогтері оқыған жоғарғы педагогикалық оқу орындарын бітіріп, солар сияқты толыққанды жұмыс істей отырып, тест тапсырады, аттестациядан өтеді, кәсіби біліктілігін арттырады, бірақ соған қарамастан олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан 24%-ға төмен, – деді Тау.

Сөзінше, «магистр» дәрежесі бар қосымша білім беру педагогтары үшін қосымша ақы қарастырылмаған.

Конституцияның 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар делінген. Сонымен бірге «Педагог мәртебесі туралы» заңның 1-бабының 1 тармағына сәйкес, мектеп мұғалімдері сияқты қосымша білім беру педагогтеріне де құзыреттілік критерийлері мен талаптары бірдей қойылған, – деп айтты Нұргүл Тау.

Respublica партиясының мүшелері қосымша білім беру педагогтері еңбекақысын төлеу жүйесіне тиісті талдау жүргізуге және қосымша білім беру педагогтеріне еңбекақы төлеуге байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Атап айтқанда, «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығына өзгерістер енгізе отырып, «қосымша білім беру педагогы» лауазымын «В3» блогынан алып, «В2» блогына енгізуді ұсынды.

Метшин лично высадил 40 кедров у Северного вокзала в Казани

Градоначальнику помогала молодежь, участвующая в акции по озеленению общественных пространств. ...

  • 28.04.2026

Стубб заявил о неизбежности возобновления контактов с Россией

@ CHRISTOPHER NEUNDORF/EPA/ТАСС Канцлер Германии Фридрих Мерц заявил, что Укр ...

  • 28.04.2026

Десант «Единой России» ознакомился с работой нового филиала детской поликлиники в Казани

Партийный десант в составе депутата Госдумы Ильи Вольфсона, председателя Комитета Госсовета по соци ...

  • 28.04.2026

Шутка с тортом на дне рождения закончилась перестрелкой, есть погибшие 28/04/2026 – Новости

Празднование дня рождения закончилось трагедией в Индии. Шутка, во время которой имениннику размазали ...

  • 28.04.2026