Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті


Оның демі 85 жасқа қараған шағында үзілді.


Қазақстанның халық әртісі, театр режиссёрі, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаев дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актёрлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", – делінген қаралы хабарламада.

Есмұхан Обаев – платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссёрі, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және бас қоюшы-режиссері қызметтерін атқарды.

Полковник ВСУ Дрогайцев умер при загадочных обстоятельствах в Украине

Полковник Вооружённых сил Украины, командующий 19-й ракетной бригадой и отдавший приказ на обстрел Белго ...

  • 07.06.2026

За день над Россией сбили еще свыше 300 БПЛА – дроны уничтожали и на пути к Москве

Силы ПВО России продолжают отбивать массированную атаку дронов ВСУ. С 07:00 до 20:00 над регионами ст ...

  • 06.06.2026

Застрявший в Китае российский подросток вылетел домой

Застрявший в аэропорту Гуанчжоу российский подросток вылетел в Москву Российский подрост ...

  • 06.06.2026

Зампред КНР Хань Чжэн прибыл с визитом в Белоруссию

Изображение сгенерировано нейросетью ChatGPT Шестого июня заместитель председателя Ки ...

  • 06.06.2026