Ахметбек Нұрсила мектеп оқушыларының төбелесі туралы: "Жастардың кумирлері Хабиб, Головкин болғаннан кейін төбелеспей не істейді"


Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила мектеп оқушыларының төбелесіне жастардың спорт жұлдыздарына жанкүйер екенін кінәлі деп хабарлады.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ешнәрсен өзінен өзі бола қоймайды. Күндіз-түні UFC ты, боксты, споршыларды насихаттаудың кесірі!!! Жастардың кумирлері Илон Маск, Бил Гейтс емес, Хабиб, Геннадий Головкин болғаннан кейін төбелеспей не істейді!!

Президентке дейін споршыларды қабылдап, насихаттайды, ал қаншама қазақ жастары физика, шахат, математика, өнертапқыш саласынан әлемді таң қалдырып жүр, оларға көңіл бөлінбейді..

Билікке білімді халық керек жоқ.. Ал халыққа не насихаттап, не жарнамаласа соны үлгі тұтады, әсіресе жа балалар..

Үлкен спорт -бюджеттің, яғни халықтың қазынасының соры денсаулықтың жауы! Қаншама миллиардтаған қаржы кетіп жатыр!! Бұқаралық спортты насихаттау керек және ғылым мен білімге салу керек ақшаны!

Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, үлкен спортқа бюджеттен 1 тиын ақша бөлгізбей, тек ғылым мен білімге жұмсар едім!

Спортпен әр адам өзі қал-қадерінше, тек денсаулығын нығайту үшін айналыссын. Ол үшін бассейндер, спорт алаңдарын көбейтсе жеткілікті емес пе", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

В Магнитогорске хозяин спустя два месяца нашел своего огромного, но доброго алабая

ЧЕЛЯБИНСК, 17 апреля, ФедералПресс. Счастливо закончилась история двухмесячных поисков огромно ...

  • 17.04.2026

Песков сообщил о подготовке визита Путина в Китай

@ Alexander Zemlianichenko/AP/ТАСС Глава МИД Сергей Лавров отметил, что решен ...

  • 17.04.2026

Силы ПВО сбили за неделю 1665 беспилотников ВСУ

Министерство обороны Российской Федерации сообщило, что за прошедшую неделю российские силы противовозду ...

  • 17.04.2026

Помидоры и яйца — идеальный дуэт для завтрака: не нужно уметь готовить, чтобы пожарить этот омлет

Быстрый завтрак из помидоров и яиц — это идеальный дуэт для сытного и полезного начала дня. ...

  • 17.04.2026