Семейде балалар темір жолы ашылды

Бұл бастама облыстағы туризмді дамытуға ықпал етеді.

Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді. 2023 жылдың 5 маусымында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің өңірдегі көшпелі баспасөз конференциясында балалар теміржолын жандандыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.

Балалар теміржолы тек ойын-сауық орны ғана емес, жастардың теміржол мамандығына қызығушылығын арттыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасы болмақ. ҚТЖ басшылығы қажетті персоналды оқытуға қолдау көрсетуге дайын. Сонымен қатар, теміржол мамандығына баулитын балалар үйірмесін құру жоспарлануда.

Жобаның жүзеге асуына "KazMinerals" компаниясы тепловоз бен вагондарды сатып алуға демеушілік жасаса, "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" инфрақұрылымды салуды өз мойнына алды.

Сонымен қатар, бүгін аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.

Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сезон цветения в разгаре: врач Пятикова рассказала, как облегчить аллергию без лекарств

МОСКВА, 24 апреля, ФедералПресс. В Москве и Подмосковье активно идёт сезон цветения. У одних а ...

  • 24.04.2026

Исследователи нашли вирус летучих мышей, который способен заражать людей

Коронавирус и летучие мыши. Фото: коллаж ОСН Международная группа учёных выявила у ле ...

  • 24.04.2026

«Ведомости»: В Москве зарегистрировали почти 60 исков к владельцам хостелов в домах

фото: Общественная служба новостей Департамент городского имущества Москвы обратился ...

  • 24.04.2026

Казнь Иуды: раскрыта участь военного предателя Климова, бежавшего в ВСУ

19-летний российский военнослужащий Артём Климов ступил на кривую дорожку, решив перейти на сторону ...

  • 24.04.2026