Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 1 468 мың баррельге дейін қысқартты

30 қарашада JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуі өтті, деп хабарлайды Кazinform.

ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, отырысқа Қазақстан атынан ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.

Отырыста 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.


«Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп тәулігіне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды қабылдады.

Осылайша, Қазақстанда өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды.

Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтірілетін болады», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылғы сәуірде қабылдаған еді және 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін созылатын тәулігіне 78 мың баррельге ерікті қысқартуға қосымша болып табылады.

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталған.

Во Владивостоке ребёнок устроил ДТП с пятью автомобилями

Фото: Telegram/prim_police В Первореченском районе Владивостока полиция выясняет обст ...

  • 15.06.2026

Лукашенко заявил, что Москву при отводе войск от Киева обманули Ватикан и израильское лобби

Российское руководство было введено в заблуждение, когда отводило силы от Киева, считает президент Бе ...

  • 15.06.2026

Лукашенко рассказал, когда может завершиться конфликт на Украине

Конфликт на Украине может закончиться уже в текущем году, заявил белорусский лидер Александр Лукаше ...

  • 15.06.2026

СИЗО в Кургане попыталось передать государству невостребованные вещи бывших арестантов

Руководство СИЗО-1 в Курганской области намеревалось передать в доход государства невостребова ...

  • 15.06.2026