post

Денсаулық сақтау вице-министрінің семейліктермен кездесуі: қандай сұрақтар қойылды және қандай жауаптар берілді

Ең алдымен вице-министр өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін атап өтті

"2024 жылы республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды, ал Абай облысында – 75,02 жас. Жалпы өлім-жітім республикада 2,9 %-ға, облыста 1,8 %-ға төмендеді", – деді Тимур Мұратов.

Алайда облыс көрсеткіштерінің әлі де республикалық деңгейден төмен болуының себебі туралы нақты түсініктеме берілмеді.

Мұратов медициналық-санитариялық алғашқы көмек реформасына да тоқталып, скринингтік бағдарламалардың жаңғыртылғанын айтты. Бірақ өңірде жиі көтерілетін сапа мәселелері ашық талқыланбады.

"Скринингтік бағдарламалар жаңғыртылды, зерттеулер кеңейді, скрининг жасы 76 жасқа дейін ұлғайды", – деді спикер.

"Жамиля" клиникасына қатысты сұраққа жауап болмады

Arnapress журналисі қыркүйек айында аренда мерзімі аяқталып, құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі салдарынан "Жамиля" клиникасы төңірегінде туған дауға қатысты сауал қойған еді. Вице-министр бұл сұраққа жауап бермеді, модератор бұл сұрақтың вице-министрге қатысы жоқтығын, өңірде шешілетін мәселе деп жылы жауып қойды. Атап өтсек, 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл клиника – қаладағы негізгі медициналық орталықтардың бірі саналады. Жыл сайын мұнда 10 мыңнан астам әйел түрлі тексерулерден өтіп, консультативтік және диагностикалық қызмет алады. Сондықтан клиниканың көптеген қала тұрғындарын мазалаған клиниканың болашағы белгісіз күйінде қалып отыр.

Жеке клиникалардың МӘМС арқылы қызмет көрсетуі жайлы нақты механизм айтылмады

Журналист қойған екінші сұрақ:


"Жеке меншік клиникалар МӘМС арқылы халыққа тегін қызмет көрсете алма ма?" – деген сұраққа:

"Біз МӘМС жүйесі жеке клиникалармен жұмыс жасауға қарсы емеспіз. Егер олар біздің стандарттарға сай болса, жұмыс істеуге дайынбыз", – деген қысқа түсініктемемен шектелді.

Дегенмен жеке клиникалармен жұмыс істеудің нақты механизмі, жоспар немесе қандай өзгерістер күтілетіні жөнінде ақпарат берілмеді.

Бұған дейін депутаттар мемлекеттік ауруханалар пациенттерді жеке клиникаларға жолдай алатын жүйені енгізуді және көрсетілген қызметтің ақысын кейін МӘМС арқылы өтеуді ұсынған болатын.

Гулнур АХМЕТЖАНОВА

В Магнитогорске хозяин спустя два месяца нашел своего огромного, но доброго алабая

ЧЕЛЯБИНСК, 17 апреля, ФедералПресс. Счастливо закончилась история двухмесячных поисков огромно ...

  • 17.04.2026

Песков сообщил о подготовке визита Путина в Китай

@ Alexander Zemlianichenko/AP/ТАСС Глава МИД Сергей Лавров отметил, что решен ...

  • 17.04.2026

Силы ПВО сбили за неделю 1665 беспилотников ВСУ

Министерство обороны Российской Федерации сообщило, что за прошедшую неделю российские силы противовозду ...

  • 17.04.2026

Помидоры и яйца — идеальный дуэт для завтрака: не нужно уметь готовить, чтобы пожарить этот омлет

Быстрый завтрак из помидоров и яиц — это идеальный дуэт для сытного и полезного начала дня. ...

  • 17.04.2026