"Қайын сіңлі мен жеңгенің сондай жылы қарым-қатынасы": Туған жеңгесіне Меккеге жолдама әперген танымал блогер елді сүйсінтті

Атышулы "Қалаулым" қатысушысы, белгілі блогер өзінің туған жеңгесіне Меккеге жолдама әперді.

Ол бұл жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шынар Меджанова жеңгесінің намазға келіп, орамал таққанын жасырмай айтты.

"Жеңгетайым дінге бұрыннан жақын…Намаз оқиды, ораза ұстайды, құран оқуды үйреніп жүр, ешкімге ешқашан жамандық тілемейді, жалпы менің жүрегімдегі иманымды күшейтетін, маған үнемі жақсы ойла, жақсы тіле, Аллаға сен деп жүретін жандардың бірі.

Және де соңғы кездері үнемі күлімдеп жүретін жеңгетайымның жылап жүргенін көретін болдым… Соңғы Израиль Палестина соғысы қаншалықты жүрегіне ауыр соққы болғанын сөзбен жеткізе алмаймын. Сол периодта иманы күшейіп жеңгетайым орамалға келді! Және осыны көргенде мен жүрегіне сәл болсын тыныштық сыйласам ба деп ниеттендім. Жүректің тыныштығын әр қазағым қасиетті Умрада табады ғой. Сондықтан жолдама сатып алдым! PS: Әр мұсылман бауыр әпкелеріме қасиетті Умраға қаржылыққа бару нәсіп етсін", — деп жазды ол.

Көпшілік блогердің бұл әрекетіне қатты сүйсінген. Олар:

"Жарайсың Шынар", "Қайын сіңлі мен жеңгенің сондай жылы қарым-қатынасы", "Сыйлығыңыз енді сөзбен жеткізе алмайсың", "Көзіме жас келді", "Қандай керемет сыйлық" деп жазды олар.

Анна Бузова призвала поклонников не присылать ей пугающие истории о беременности

Фото: @annabuzova Сестра Ольги Бузовой и бывшая участница «Дома-2» Анна рассказала, ч ...

  • 23.04.2026

Владимир Попов назвал порт Одессы стратегической точкой для ВСУ

Заслуженный военный летчик России, генерал-майор Владимир Попов в интервью aif.ru поделился мнением о то ...

  • 22.04.2026

Новак объявил о прекращении прокачки нефти из Казахстана в ФРГ через «Дружбу»

Нефть из Казахстана, которая ранее шла в Германию по трубопроводу «Дружба, перенаправят на другие лог ...

  • 22.04.2026

Владимир Путин сообщил о росте потока российских туристов на Сейшелы

Президент России Владимир Путин отметил увеличение числа российских туристов, посещающих Сейшелы, как со ...

  • 22.04.2026