Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өлімі туралы айтты

Бас прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында Асылов әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер қоғамды дүрліктіргенін айтты.

"Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.

Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр. Биыл отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайтылды, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салынды", — деді Асылов.

Ол полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шағымын қарау жұмыстары қайта құрылғанын түсіндірді.

"Нәтижесінде, үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған жанжал шығарушылар саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін көбейген. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені және ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды. Тәртіп орнатуда бізге қоғамның, әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет", – деді Бас прокурор.

Сурет: әлеуметтік желіден

Фильм «Майкл» преодолел рубеж в 1 млрд в российском прокате

Фото: Общественная Служба Новостей Байопик о короле поп-музыки Майкле Джексоне под на ...

  • 08.06.2026

Энергетики отключили электричество в районе Аван и Ариндж в Ереване

Часть административного района Аван в городе Ереван сейчас остаётся без электричества. Об этом сообщает ...

  • 07.06.2026

Пострадавшая при атаке ВСУ девушка распишется с военным в больнице

Девушка, которой российский военный сделал предложение прямо в реанимации, готовится к реги ...

  • 07.06.2026