Димаш Құдайберген “Ақтөбенің 150 жылдығы” мерекелік медалімен марапаттады

28 мамыр күні Ақтөбе облысының жұртшылығы үшін ерекше болды. Себебі, қаланың мерейлі тойының басталуы бірнеше мәдени іс-шаралармен жалғасты. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин шаһардың 150 жылдығына орай жаңадан бой көтерген Стиртбол орталығының ашылуына қатысты, – деп хабарлайды наш сайт Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар, жастар арасында ерекше дамыған көше спорт түрлерінен ұйымдастырылған фестивальді тамашалады. Өңір басшысы қала тұрғындары мен қонақтарын құтты мекеннің мерейлі тойымен құттықтап, спорт саласының дамуына үлес қосқан бірқатар үздіктерге мерекелік медальдар табыс етті.

Сондай- ақ, Оңдасын Оразалин қала тұрғындарымен бірге Тұңғыш Президент атындағы саябақта ұйымдастырылған мерекелік кештің куәсі болды. Аймақ басшысы ақтөбелік жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Биыл сүйікті қаламызға 150 жыл толып отыр. Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымды білдіремін, – деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар, аймаққа есімі белгілі, еңбектерімен көзге түскен түрлі саладағы 6 азаматқа мерекелік төс белгі тақты. Осы мерейтойда ақтөбеліктер тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Ақтөбе тұрғындары үшін тосын сый ретінде есімі әлемге танылған жерлестері, әнші Димаш Құдайбергенов те кешке арнайы қатысты. Облыс әкімі Димаш Құдайбергеновті де "Ақтөбенің 150 жылдығы" мерекелік медалімен марапаттады. Танымал жұлдыз облыс әкіміне шексіз разылығын білдіріп, көрсетілген ерекше құрметтеріне рахметін айтты. Мерекелік кеш отшашумен аяқталды.

АиФ: сожжены и раздавлены атаковавшие Россию ракеты

Изображение сгенерировано нейросетью Шедеврум Над Херсоном поднялся мощный столб чёрн ...

  • 14.06.2026

«Винегрет» из нацбатов ВСУ, огневой мешок в ДНР: новости СВО к утру 14 июня

ВС РФ в зоне СВО Обломки сбитого украинского БПЛА рухнули на территорию одного из промышленн ...

  • 14.06.2026

Российские войска сформировали огневой мешок для ВСУ у Дробышева

@ Александр Щербак/ТАСС Отечественную ракетно-космическую отрасль необходимо ...

  • 13.06.2026

Титов назвал причину задержки «Силы Сибири – 2»

Трудности с подписанием договора по новому газопроводу в Китай вызваны выбором оптимального маршрута, а ...

  • 13.06.2026

Теги