Бұрынғы министр Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды.

"Сот үкімі бойынша, М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. И. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", — деп жазылған Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025

Переезд без потери пенсии: казахстанцы смогут перевести накопления в Монголию

Мажилис Парламента Казахстана ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Монголии ...

  • 10.12.2025

Покупают готовые медизделия и продают — депутат обвиняет здравоохранение в фиктивном производстве

Высшая аудиторская палата выявила факты поставок импортной продукции под видом отечественной. ...

  • 10.12.2025

Поставщиков "СК-Фармации" требуют проверить на предмет фиктивного производства

В систему госзакупок массово поступают импортные изделия, которые лишь упаковываются в Казахстане. ...

  • 10.12.2025