Қала күнін тойлауға байланысты Алматыда қандай көшелер жабылады

Алматыда қала күніне орай өтетін іс-шараларға байланысты бірнеше көше жабылды.

14-17 қыркүйек аралығында сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін «Almaty Cover Show» фестивалін өткізуге байланысты «Астана» алаңында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал 15-17 қыркүйек аралығында сағат 8.00-ден сағат 20.00-ға дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылы мен Уәлиханов көшесінің арасы жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

"Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар", — делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Жол жабуға байланысты уақытша маршруттар:

Төле би көшесінің бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық:

№ 48 — батыс бағытта — Достық даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 48 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Достық даңғылы — бұдан әрі схема бойынша;

№ 16 — батыс бағытта — Қонаев көшесі — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№16 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр көшесі — Қонаев көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 126 — батыс бағытта — Қонаев көшесі — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№126 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр көшесі — Қонаев көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 37 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Назарбаев даңғылы — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№37 — шығыс бағытта — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Назарбаев даңғылы — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 201 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Назарбаев даңғылы — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№201 — шығыс бағытта — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Назарбаев даңғылы — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 205 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Назарбаев даңғылы — Бөгенбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№205 — шығыс бағытта — Желтоқсан көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Назарбаев даңғылы — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 209 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Қонаев көшесі — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№209 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Қонаев көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 210 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Қонаев көшесі — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 210 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Қонаев көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 206 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Қонаев көшесі — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№206 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Қонаев көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 224 — батыс бағытта — Төле би көшесі — Назарбаев даңғылы — Бөгенбай батыр көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 224 — шығыс бағытта — Төле би көшесі — Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр көшесі — Назарбаев даңғылы — Төле би көшесі — бұдан әрі схема бойынша.

Сәтбаев көшесінің бойы Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін:

№121 – шығыс бағытта — Сәтбаев көшесі — Назарбаев даңғылы — Абай даңғылы — Достық даңғылы — бұдан әрі схема бойынша;

№121 – кері бағытта – Достық даңғылы — Абай даңғылы — Назарбаев даңғылы — Сәтпаев көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№45 — солтүстік бағытта – Желтоқсан көшесі — Абай даңғылы — Достық даңғылы — бұдан әрі схема бойынша;

№ 45 – кері бағытта — Достық даңғылы — Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі — бұдан әрі схема бойынша;

№ 95 – шығыс бағытта — Сәтбаев көшесі — Назарбаев даңғылы — Абай даңғылы — Достық даңғылы — бұдан әрі схема бойынша;

№ 95 – кері бағытта – Достық даңғылы — Абай даңғылы — Назарбаев даңғылы — Сәтпев көшесі — бұдан әрі схема бойынша.

Киоск с мобильными аксессуарами вспыхнул в Астане

В столичном районе Байконыр произошел пожар в киоске, где продавались аксессуары для мобильных телефонов ...

  • 05.10.2025

Нелегальные майнинговые фермы тратили электроэнергию, как целый город

АФМ проводит системную работу по противодействию незаконному майнингу цифровых активов С начала ...

  • 03.10.2025

Талгат Байсуфинов временно возглавил сборную Казахстана

В ближайших двух играх отборочного турнира на чемпионат мира-2026 сборную Казахстана будет возглавлять Т ...

  • 30.09.2025

Протесты в Мадагаскаре: Президент распустил правительство

Президент Андри Радзолина объявил о роспуске кабинета министров на фоне массовых протестов, вызванны ...

  • 30.09.2025