Алматыда ескі тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа жолдары ұсынылды


Алматыда ескі тұрғын үй мәселелерін жаңа жолмен шешетін болады. Алматы әкімдігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде Алматыда 1930-1960 жылдары салынған 1,3 мыңнан астам ескі көппәтерлі үй бар. Тұрғын үй қорын жаңартудың 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы бекітілгеннен кейін бірінші кезеңде 708 тозығы жеткен үйді бұзып, 678 көпфункционалды тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазір оны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен "Алматыгенпланмен", (ӘКК еншілес ұйымы), салалық сарапшылармен және жұртшылықпен бірге әзірленуде. Содан кейін жоба барлық мүдделі мемлекеттік мекемелермен, мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен және қала тұрғындарымен келісілуі қажет.

Жаңа бағдарламада тұрғын үй мен жер учаскелерін жаңарту ғана емес, қалалық экожүйені дамыту да көзделген. Бұл ретте апатты үйлердің тұрғындарын жаңа пәтерлерге қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаланың эстетикалық сәулеттік келбетін қалыптастыру жоспарланып отыр.

Негізгі принциптер өзгеріссіз қалады: ескі үйді бұзу үшін оның барлық тұрғындарының келісімі қажет. Меншік иелеріне бұзылғандардың орнына баламалы тұрғын үй ұсынылады.

"Әкімдік инвестициялық тартымсыз учаскелерде орналасқан ескі үйлерді бұзуды өз мойнына алады, қалғандарына бағдарламаны іске асыру инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылады", — деп қорытындылады әкімдікте.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында, жаңарту бағдарламасы осы жылдың қыркүйек айында бекітілуі мүмкін екенін айтты. Бұған дейін,ол әзірленген жаңарту бағдарламасының соңғы сатысында екенін атап өткен болатын.

Маркетплейсам запретили продавать крем популярной французской марки: может вызвать рак

МОСКВА, 9 апреля, ФедералПресс. В России пытаются ограничить продажи крема от прыщей популярно ...

  • 08.04.2026

Победа Ирана или обман Трампа: что не так с перемирием на Ближнем Востоке

Президент США Дональд Трамп объявил о двухнедельном перемирии с Ираном и начале переговоров ...

  • 08.04.2026

Ильсур Метшин рассказал о том, как заработал свои первые деньги

Первым местом работы нынешнего мэра Казани Ильсура Метшина был молочный завод в Нижнекамске. Об этом ...

  • 08.04.2026

Хаменеи не санкционирует соглашение с США, если они не примут условия Ирана

Верховный лидер Ирана Моджтаба Хаменеи не предоставит согласие на заключение соглашения с Соединенными Ш ...

  • 08.04.2026