Абай облысында мемлекеттік мекемеде "өлі жандар" жұмыс істеген

Абай облысы Бесқарағай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемеде "өлі жандарды" анықтады.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.

"15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды", — делінген хабарламада.

Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.

"Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы "К.Н." өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.

12.10.2023 жылы "К.Н." сотының үкімімен 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды (сот актісі заңды күшіне енген жоқ)", — деп қосты баспасөз қызметінде.

Сурет: ашық дереккөздерден

Ипотеки в Казахстане: ставки, лимиты и условия на 2026 год

В 2026 году в Казахстане продолжат действовать несколько государственных ипотечных программ, переда ...

  • 30.12.2025

Погода в Актобе на 30 декабря - 1 января

Фото Анастасии Шматовой На смену холодному антициклону приходит южный тёплый циклон, с к ...

  • 29.12.2025

Социнспекторы выявили нарушения на 79,7 млн тенге с начала года

Фото: Gov С начала 2025 года социнспекторами проведена 1371 проверка, из них 466 ...

  • 27.12.2025

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025