«Қыздың өзі жігітке қайта-қайта ұрынып жүр»: Белгілі журналист Тұрлыхановтың ұлын жақтап шықты

Белгілі журналист Дина Елгезек Болат Тұрлыхановтың ұлының шулы жазбасына қатысты пікірін білдірді.

Айтуынша, қазіргі мәжіліс депутатына ақпараттық шабуыл жасалып жатуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист бұл ойын желідегі парақшасында жазды.

«Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бейнежазбаны толық қарап шықтым. Видеода қыздың өзі жігітке қайта-қайта ұрынып жүргені анық көрініп тұр. Шыдамы түгесілген жігіт өзіне соқтығысқан қызды итеріп жібереді. Бұл бейнежазбаны ең бірінші Козачков каналы “Тұрлыхановтың екінші ұлы да қызды ұрды” деп сүйіншілей желіге таратады, оны бүкіл БАҚ жариялайды. Тұрлыхановтың ұлына қатысты бейнежазбада жігітке қыздың өзі соқтығысқаны анықталса да, Козачков арнасы бүгіннің өзінде Тұрлыхановқа қатысты 6 материал жариялап, “Балаларын тия алмай отырған Тұрлыхановтың депутат болуға қақысы бар ма?” дегендей сұрақтары бар арнайы әлеуметтік сауалнама жариялаған. Әлеуметтік сауалнама жүргізетіндей бұл күмәнді бейнежазба — мемлекеттік масштабтағы ірі оқиға ма еді? Егер бұл тапсырыс болған жағдайда, Козачков арнасының артында кімдер тұр? Депутатты қаралау кімге, не үшін қажет? Арна тұлғаларды қасақана қаралау үшін лас технология пайдаланып отыр ма? Тапсырысты кім, не үшін беруі мүмкін? Оны кім анықтайды? Егер анықталса, 88 мың оқырманы бар арна жауапкершілікке тартылады ма? Ресми органдар не дейді?

Михаил Козачков деген журналистің былтыр істі болып, 50 млн пара алды деген күдікпен ұсталғаны естеріңізде шығар.

Ол тұлғаларға қатысты кейбір құпия деректерді жариялағанына өкініп:”«Занимаясь журналистскими расследованиями, находясь в постоянном поиске новых сведений, всё время ходишь по краю. И вот так получилось, что я совершил незаконный сбор и распространение персональных данных нескольких человек. Я понимаю, что был неправ, в какой-то момент потерял связь с реальностью и готов нести за это ответственность” деп, жұрттан кешірім да сұрады.

Сот үкімімен шартты түрде 3,5 жылға сотталған журналистің телеграм каналын кімдер жүргізіп отыр? Өзі ме? Өзі болса сотталған адамның қайта журналистикамен айналысуына кім құқық берді? Козачков арнасы жақында ғана Назарбаев кланының министрлік қызметке тағайындалған пысықайлары мен “Аманаттың” кейбір депутаттарын асыра жарнамалап, мақтауын асырғанын көзім шалды. Ең өкініштісі, күмәнді бейнежазбаға қатысты оқиғаны анықтап алмай отандық сайттар жарыса жазды. Пысы: Әділет бізден, төрелік көптің қақы…», — деп жазды ол.

Владимир Путин прибыл в Казахстан с государственным визитом

Касым-Жомарт Токаев встретил в столичном аэропорту Президента Российской Федерации Владимира Путина, ...

  • 27.11.2024

"Сумма не столь значительна, чтобы нас за это ругать", - глава нацэкономики о перераспределении бюджета на 2024 год

В кулуарах Мажилиса заместитель Премьер-Министра, министр национальной экономики Республики Казахстан Ну ...

  • 27.11.2024

В Казахстане введут норму о пожизненном лишении свободы за изготовление наркотиков

Также разграничена ответственность за изготовление и сбыт наркотиков Астана. ...

  • 27.11.2024

Месси назван лучшим футболистом "Барселоны" в ХХI веке

По мнению футбольных экспертов, аргентинская звезда Лионель Месси – лучший игрок каталонской "Барсел ...

  • 26.11.2024