Бенну астероидынан әкелінген топырақтан не табылды

NASA біздің планетамыздан 3 млрд км қашықтықтағы Бенну астероидынан үш апта бұрын Жерге жеткізілген топырақ талдауының алғашқы нәтижеcін жариялады. Жұлдызаралық шаңның химиялық құрамын зерттеу нәтижесі онда көміртек пен су мөлшері көп екенін көрсетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Сараптама жүргізген Аризона университеті ғалымдары бұл жаңалық тіршіліктің әу баста біздің планетада пайда болмағанын, Жерге ғарыштан әкелінді деген гипотезаны жанама растайтынын айтты.

Астероидқа саяхат төрт жылдан астам уақытқа созылды.

NASA-ның OSIRIS-REx миссиясы 2016 жылдың қыркүйегінде іске қосылғанымен, құрылғы көздеген жерге 2020 жылдың қазан айында жетіп, топырақ үлгілерін жинады.

Осириске оралу үшін тағы үш жыл қажет болды.

Құнды жүк Юта шөліне жеткізіліп, Техас штаты Джонсон қаласындағы NASA зертханасына талдауға жіберілді.

«Бұл — Жерге әкелінген ең үлкен және көміртегіне бай астероид үлгісі», — деді NASA әкімшісі Билл Нельсон.

Оның химиялық құрамы әлдеқайда қызық.

Нельсонның айтуынша, үлгідегі көміртегі мөлшері жалпы салмақтың 5%-ын құрайды және тек минералды түрде ғана емес, сонымен қатар күрделі органикалық қосылыстарда да табылған.

Ғалымдар бастапқыда болжағандай, су саз минералдарының кристалдық құрылымында «қамалып» қалған.

Бір нұсқа бойынша, жер бірден «көк планетаға» айналған жоқ: мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдерді құрайтын судың барлығы дерлік 4-4,5 млрд жыл бұрын біздің планетамыз астероидтармен жаппай бомбаланған кезде ғарыштан жеткен.

Зертхана ғалымдары бұл зерттеудің бастамасы екенін атап өтті.

Жұлдызаралық шаң түйіршіктері әлі талай құпияны ашуы мүмкін.

Сондықтан әкелінген үлгінің үштен бір бөлігі кішірек бөліктерге бөлініп, одан әрі зерттеу үшін дүние жүзіндегі ондаған зертханаларға жіберіледі.

Бұған дейін Бенну астероидынан топырақ әкеле жатқан капсула Жер бетіне аман-есен қонғанын жазған болатынбыз.

Ипотеки в Казахстане: ставки, лимиты и условия на 2026 год

В 2026 году в Казахстане продолжат действовать несколько государственных ипотечных программ, переда ...

  • 30.12.2025

Погода в Актобе на 30 декабря - 1 января

Фото Анастасии Шматовой На смену холодному антициклону приходит южный тёплый циклон, с к ...

  • 29.12.2025

Социнспекторы выявили нарушения на 79,7 млн тенге с начала года

Фото: Gov С начала 2025 года социнспекторами проведена 1371 проверка, из них 466 ...

  • 27.12.2025

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025