Ұлттық банктің жаңа басшысы теңгенің нығаюы туралы айтты


Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгені қандай факторлар қолдайтынын айтты, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, мұнай бағасының өсуі мен төлем балансының жалпы жай-күйі теңгені тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Бұл ретте ол соңғы екі аптада Ұлттық валютаның әлсіреуі доллардың жаһандық нығаюымен, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуымен, сондай-ақ, базалық мөлшерлемені төмендету жөніндегі шешіммен және квазимемлекеттік сектордың валюталық кірісті міндетті сату жөніндегі норманы тоқтата тұруымен байланысты екенін түсіндірді.

Одан әрі Сүлейменов Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша атқарар іс-қимылдары туралы сөз қозғады.

"Ақша-несие саясатының одан әрі бағытталуы Ұлттық банктің алдыңғы әрекеттері мен ақпараттық жоспарына сәйкес келеді. Нақты инфляцияның баяулауының нәтижесінде базалық мөлшерлеме төмендеуін жалғастырады.

Бұл ретте қысқарту мүмкіндігі бюджеттік ынталандырудың әлеуетті ұлғаюы тәуекелдерімен және экономикадағы тұрақты сұраныс жағдайында инфляциялық күтулердің жоғары деңгейімен шектеледі. Ақша-несие саясаты ашықтыққа, жүйелілікке, түсініктілікке және болжамдылыққа негізделеді. Банк ықтимал ауытқуларға уақтылы жауап беру үшін жылдық инфляцияның нысанаға жақындау траекториясын қадағалайтын болады", – деп атап өтті ол.

Бұған дейін, LS редакциясы теңгенің әлсіреуінің ықтимал себептері туралы жазған болатын.

Ипотеки в Казахстане: ставки, лимиты и условия на 2026 год

В 2026 году в Казахстане продолжат действовать несколько государственных ипотечных программ, переда ...

  • 30.12.2025

Погода в Актобе на 30 декабря - 1 января

Фото Анастасии Шматовой На смену холодному антициклону приходит южный тёплый циклон, с к ...

  • 29.12.2025

Социнспекторы выявили нарушения на 79,7 млн тенге с начала года

Фото: Gov С начала 2025 года социнспекторами проведена 1371 проверка, из них 466 ...

  • 27.12.2025

Взрыв в кафе на станции Мойынты: стало известно о состоянии пострадавших

В минувшую пятницу в одном из кафе на станции Мойынты Шетского района погибли два человека из-за вз ...

  • 15.12.2025