Абай облысының патрульдік полициясы жолды бақылау үшін дрондарды қолдануда

Полиция қызметкерлері ауылдық трассаларды бақылау үшін дрондарды қолдануда.

Бұл инновациялық тәсіл трассалардағы жағдайды тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Дрондар арқылы жол ережесін өрескел бұзу фактілері — рұқсат етілмеген жерлерде басып озу, жылдамдықты асыру және қарсы қозғалыс жолағына шығу сынды құқық бұзушылықтар нақты және жедел түрде тіркеледі.

" Дрон қолдану полиция қызметкерлерінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, құқық бұзушылықтарды дәлелді түрде бекітуге септігін тигізуде. " Қауіпсіз жол " іс-шарасы барысында ондаған құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді", — делінген хабарламада.

Аталған шараның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апатқа әкелетін өрескел жол ережесі бұзушылықтарды болдырмау.

Семей қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық жұмысына ерекше назар аударып, қауіпті учаскелерде нарядтарды орналастыру арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау тәжірибесін қолдануда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Татарстан стал самым дорогим рынком жилья в ПФО – ипотека уходит в более длинные сроки

Высокие ставки изменили рынок ипотеки в ПФО За последние годы ипотека в Приволжском федеральном о ...

  • 18.05.2026

В Киеве Украинец нырнул в канал, чтобы спастись от сотрудников ТЦК

Фото: Национальный музей истории Украины Житель украинской столицы оказался спасён пр ...

  • 17.05.2026

СК России начал расследовать нападение собаки на девочку в Татарстане

В социальных сетях распространилась информация о происшествии, случившемся 16 мая в городе Нижнекамске. ...

  • 17.05.2026

Корабль Cargo Dragon успешно состыковался с МКС

Корабль Cargo Dragon SpaceX успешно завершила стыковку корабля Cargo Dragon с МКС Грузово ...

  • 17.05.2026