"Тапаншамен қорқытқан": алматылық азамат танысынан ақша бопсалаған

Алматы тұрғыны танысынан жарты миллион теңге бопсалаған.

Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан,

"Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан. Сол кезде азамат оны телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде ол пәтердің еденіне бір рет оқ атқан. Т.есімді азамат қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған. Бойжеткен 2,5 аптадан кейін полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ЭҚкБ-дағы әріптестері мен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Оның қасында бірнеше ер адам болған, олардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексерілетін болады", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Күдікті 22 жастағы А.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 194 бабы (Бопсалау) бойынша сараланған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сурет: Zakon.kz

Российский лыжник Коростелев занял пятое место в марафоне на Олимпиаде

Шестое золото подряд завоевал норвежец Клебо Российский лыжник Савелий Коростелев занял пятое мест ...

  • 21.02.2026

Татарстан готовится к весенне-полевым работам

В Татарстане продолжается подготовка к весенне-полевым работам. Заместитель Премьер- ...

  • 21.02.2026

Новые правила подготовки водителей начнут действовать в России с 1 марта

МОСКВА, 21 февраля, ФедералПресс. В России с 1 марта начинают действовать обновлённые нормы по ...

  • 21.02.2026

Гидрометцентр спрогнозировал снегопады в Москве на ближайшие дни

В ближайшие дни в Москве ожидаются небольшие и умеренные снегопады, однако повторение такого снегопада к ...

  • 20.02.2026