Жамбылдағы денсаулық сақтау нысандарының медициналық техникамен жабдықталуы биыл 96,6 пайызға жетеді

Ағымдағы жылдың соңына дейін Жамбыл облысында 10 мектеп, 13 денсаулық сақтау, 4 мәдениет, 8 спорт нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында атап өтті.

Облыста жалпы 11,5 мың оқушыға арналған 28 мектептің құрылысы жүруде, оның 7 — і "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Биыл жыл басынан бері Жамбыл, Т.Рысқұлов және Шу аудандарында 3 мектеп пайдалануға берілсе, тағы 10 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

14 нысан күрделі жөндеуден өтсе, қалған 3 нысан бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

Өңірдегі мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы кабинеттер 75 пайызға жаңартылды. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ, оларды әлеуметтендіру бағытында "Мөлдір бұлақ" оқу-сауықтыру орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.

Құрылысы биылға жоспарланған 24 денсаулық сақтау нысанының бұған дейін алтауы тапсырылса, жыл соңынан дейін тағы 13 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Олардың қатарындағы ірі нысандардың бірі — Тараз қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер (200 төсек-орын), Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы.

Сонымен қатар, 3 ауданаралық көпсалалы орталық аурухананы қайта құру және 3 аудандық орталық аурухана салу жоспарлануда.

3,9 млрд. теңгеге ауруханалар мен емханаларға медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем көліктері сатып алынып, мекемелердің медициналық техникалармен қамтылу дейгейін 91,9%-дан 96%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Маңызды оқиғалардың бірі ретінде мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталығының ашылуын, Аутизмі бар балаларды қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының пайдалануға берілуін атап өтуге болады.

23 спорт нысанының құрылысы жоспарланған десек, оның алтауы ел игілігіне беріліп, тағы сегізі жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сондай-ақ, 38 заманауи спорт алаңдары іске қосылды.

Облыс спортшылары түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1305 медаль жеңіп алса, оның 496 – сы алтын, 397-сі күміс, 412-сі қола.

Облыс тұрғындарының мәдениет нысандарымен қамтылу деңгейі жыл соңына дейін 80,6%-дан 84,8%-ға дейін жететін болады.

16 мәдениет нысанының құрылысы көзделіп, оның алтауы тапсырылды, тағы төртеуі осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Соцфонд досрочно выплатит пенсии россиянам к Дню России

Часть российских пенсионеров получит свои пенсионные пособия досрочно в июне в связи с праздничными дням ...

  • 29.05.2026

"Промомед" начнет поставки аналога "Вегови" в Беларусь

29 мая компания "Промомед" объявила о начале поставок в Беларусь препаратов-аналогов "Вегови" в форме ин ...

  • 29.05.2026

Юрист Светлана Крылова объяснила порядок раздела имущества при разводе

Специалист в области судебного права и глава юридической фирмы Светлана Крылова пояснила, что супругам р ...

  • 29.05.2026

Наказы татарстанцев по народной программе «ЕР» доставили в Москву

Региональное отделение «Единой России» привезло в ЦИК партии предложения татарстанцев для новой ред ...

  • 29.05.2026