Қызылордадағы медициналық мекемелердің басшылары жаппай ауыстырылады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланған арнайы мәжілістен соң қаладағы медициналық мекемелерде кадрлық өзгерістер, бас дәрігерлер арасында ауыс-түйіс жоспарлануда.

Нұрлыбек Машбекұлы облыстық денсау басқармасының басшысы Олжас Искаковқа ұзақ жылдар бойы бір орында отырған бас дәрігерлердің қызметтегі тиімділігін бағалау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

«Олжас Ермекұлы, сіз осы қызметке келген кезде бірінші берген тапсырмаларымның бірі бес жылдан аса бір орында отырған бас дәрігерлердің орнын ауыстыру, салаға жұмысының тамырына қан жүгірту еді. Бұл тәжірибе білім беру саласында жүргізіліп, оң нәтижесін беруде. Ал, денсаулық сақтау саласында бір мекемеге 20 жылға дейін басшылық жасағандар бар. Бұл жағдай ұжымның ішкі ахуалына, медициналық қызмет сапасының және көрсеткіштердің төмендеуіне әсер етеді. Саланың жұмысын жүйелендіру қажет. Тәжірибесі бар, білікті мамандарды жұмысын жандандыруды қажет ететін мекемелерге жіберу керек. Тұралап қалған емдеу мекемелерінің жұмысын жүйелеуге атсалыссын», – деді аймақ басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен, қазан айынан бастап, конкурстық рәсім аяқталғанға дейін:

– Көпбейінді облыстық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқару Жасұлан Болатбекұлы Баймахановқа;

– Көпбейінді Қызылорда қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқару Нұриддин Егембердіұлы Амитовке;

– Облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқару Нұрлан Әмірге;

– Облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің міндетін атқару Бауыржан Төлегенге;

– Қызылорда қалалық №4 емханасы бас дәрігерінің міндетін атқару Алмат Дәденұлы Құрманғалиға;

– Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқару Алмас Әбдіғаппарұлы Әбілпаттаға;
– Облыстық оңалту орталығы бас дәрігерінің міндетін атқару Темірбек Садықбекұлы Үсеновке;

– Облыстық паталого-анатомиялық бюросы бас дәрігерінің міндетін атқару Елдос Ерболатұлына жүктелді.

Соцфонд досрочно выплатит пенсии россиянам к Дню России

Часть российских пенсионеров получит свои пенсионные пособия досрочно в июне в связи с праздничными дням ...

  • 29.05.2026

"Промомед" начнет поставки аналога "Вегови" в Беларусь

29 мая компания "Промомед" объявила о начале поставок в Беларусь препаратов-аналогов "Вегови" в форме ин ...

  • 29.05.2026

Юрист Светлана Крылова объяснила порядок раздела имущества при разводе

Специалист в области судебного права и глава юридической фирмы Светлана Крылова пояснила, что супругам р ...

  • 29.05.2026

Наказы татарстанцев по народной программе «ЕР» доставили в Москву

Региональное отделение «Единой России» привезло в ЦИК партии предложения татарстанцев для новой ред ...

  • 29.05.2026