600-ге жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды

Жыл басынан бері 8 айдың ішінде коронавируспен ауру деңгейі 8,9 есеге төмендеді.

Бұл туралы ҚР ДСМ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елордада өтіп жатқан респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Биыл 4 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Жыл басынан бері 8 айдың ішінде коронавируспен ауру деңгейі 8,9 есеге төмендеді. Қазіргі уақытта бұл диагноз негізінен зертханалық талдаулар нәтижесіне сәйкес қойылады. Зертханалық тексеру кезінде клиникалық сипаты ауыр жағдайлар өте аз. Жыл басынан бері ондай жағдайдың 564 дерегі тіркелді", — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол коронавирусқа қатысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан зерттеу шаралары тоқтаған жоқ деп отыр.

"Коронавирусқа байланысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан біз вирус штамдарының мутациясын зерттеуді тоқтатқан жоқпыз. Ал елде жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы иммундау шаралары қолға алынады. Екпе егу қазанның бірінен басталады", — деді Роза Қожапова.

Соцфонд досрочно выплатит пенсии россиянам к Дню России

Часть российских пенсионеров получит свои пенсионные пособия досрочно в июне в связи с праздничными дням ...

  • 29.05.2026

"Промомед" начнет поставки аналога "Вегови" в Беларусь

29 мая компания "Промомед" объявила о начале поставок в Беларусь препаратов-аналогов "Вегови" в форме ин ...

  • 29.05.2026

Юрист Светлана Крылова объяснила порядок раздела имущества при разводе

Специалист в области судебного права и глава юридической фирмы Светлана Крылова пояснила, что супругам р ...

  • 29.05.2026

Наказы татарстанцев по народной программе «ЕР» доставили в Москву

Региональное отделение «Единой России» привезло в ЦИК партии предложения татарстанцев для новой ред ...

  • 29.05.2026